Атырау, 11 желтоқсан 12:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Орындалмайтын миссия

1 654 просмотра

15 қазаннан бастап жылу есептегіштермен жарақталмаған үйлерде жылу тарифтері 20 пайызға көтерілетін болады. Ал керісінше, есептегіші бар үйлерде жылу тарифі әжептәуір арзандайды.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры Жанайым КЕЛБАТЫРОВАНЫҢ айтуынша, Атырауда үйлердің жылу өлшегіштермен қамтылуы өте төмен деңгейде – 7,9 пайыз боп қалып отыр. Ал кейбір ПИК-тер өздерінде жылу өлшегіштерді орнату техникалық тұрғыда мүмкін еместігін, сондықтан тарифтерді көтеру қолайсыз екендігін айтып, табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті мен «АЖЭО» АҚ-на ескерту жасаған.

Атап айтқанда, АЖЭ-на «Әнуар-Авангард» ПИК-інің төрайымы Людмила ШАРОВАТОВАДАН хат келген. Онда Авангард 3-ықшамаудандағы №39, 41, 43 үйлерде жылу камераларын салу үшін орын жоқтығы, өйткені тұрбалар мен жылу тұрбаларының вентильдері үй қабырғасынан 30 сантиметр қашықтықта тұрғандығы жазылған (суретте).

Ж.Келбатырованың айтуынша, «Әнуар-Авангард» ПИК-і қызмет көрсететін үйлерде тарифтерді көтеру туралы мәселе ЖЭО өкілдерінің қатысуымен алқалы түрде шешілетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

26 қыркүйек 2012, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.