Атырау, 26 желтоқсан 21:09
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Газ жоқ, нансыз қалдық

2 413 просмотра

25 қыркүйекте «Интергаз – Орталық Азия» АҚ-ның «Атырау» магистральды газ құбыры басқармасы газ тораптарын жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты Атырауда табиғи газдың берілуі толықтай тоқтатылды. Осының салдарынан облыс орталығында наубайханалар да жұмыстарын тоқтатты.

– Қалада 20-дан аса наубайхана бар, олардың бәрі газбен жұмыс жасайды. Қазір бәрі жұмыстарын тоқтатты, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қадырғали ТҰРҒАНОВ.

«Заман-Нан» ЖШС-нің коммерциялық директоры Равиль ҚАДИМОВТЫҢ айтуынша, Алматыдан шұғыл арада нан пісіретін 2 электр қондырғысын алдыруға тура келген. Алайда туындаған тапшылықтың орнын толтыру үшін олардың өнімділігі жеткіліксіз екен. Қазіргі уақытта зауыт наны тек онкологиялық, теміржол, психиатриялық ауруханаларға және әскери бөлімшелерге жөнелтілуде.

Түске таман супермаркеттерде кешегі күннен қалған бүкіл нан өтіп кетті. Бос қалған нан дүкендерінде кезекке тұрған адамдар жиналып қалды (суретте), осы кезде бір бөлке нанды 80-100 теңгеден сатқан алыпсатарлар пайда бола кетті.

Газ қызметкерлері газды сол жақ жағалауға 27-28 қыркүйекте, ал оң жақ жағалауға 30 қыркүйекте беруге уәде етіп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

26 қыркүйек 2012, 23:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.