Атырау, 28 желтоқсан 08:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Әкім шығармашылық зиялыларымен кездесті

2 999 просмотра

20 қыркүйек күні облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ жергілікті шығармашылық зиялылары өкілдерімен кездесті.
- Облыстағы мәдениет саласының жұмысына көңілім толмайды. Тікесінен ашық айтайын. Өйткені, қазір аудандардағы 28 мәдениет үйі күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Мыңнан астам халқы бар 25 елдімекенде мәдениет үйі мүлдем жоқ. Біз бұл мәселе жөнінде мұқият ойлануға тиістіміз, - деп мәлімдеді Б.Ізмұхамбетов.
Ақын-жазушылар Рақымжан Отарбаев, Қойшығұл Жылқышиев, Жәниба Қарасаева, Өтепберген Әлімгереев, Төлеген Берішбаев, Бекет Қарашин, Қадыр Жүсіп (суретте), сондай-ақ, жас ақындар Бақытгүл Бабаш, Жәнібек Садыров бірқатар мәселелерді алға тартты. Мәселен, ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімін әуежайға беру, академик Зейнолла Қабдоловтың 85 жылдығын атап өтуге байланысты іс-шаралар, келесі жылы атақты күйші Құрманғазының 190 жылдығын тойлау, өз өңірінде есімі ұлықталмай отырған ақын Әбу Сәрсенбайұлының есімін Атырау мұнай және газ институтына беру, мектептердің біріне күй қағаны Қаршыға Ахмедьяровтың есімін беру, Атыраудан (Орал өңірінде мұндай мұражай бар) әдеби мұражай ашу, батысаймақтық журнал ашуға қолдау көрсету секілді тағы да басқа мәселелер облыс әкімінің тарапына ұсынылды.  
Әкім аталған мәселелерді шешуді өзінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Шыңғыс МҰҚАНҒА тапсырды.
Жазушылар облыс басшысымен кездесу 10 жылдан кейін бірінші рет өтіп отырғанын айтады.
Айнұр САПАРОВА
Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

26 қыркүйек 2012, 22:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.