Атырау, 28 желтоқсан 08:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Cтамбулда жолдары болмады

1 673 просмотра

25 қыркүйекте «Эйр Астана»әуе компаниясының Стамбулдан Атырауға кері ұшатын рейсі тоқтатылды. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жағдай Стамбулдағы Ататүрік әуежайына қонған кезде ұшақтың зақымдануы салдарынан орын алған.

– Атырау-Стамбул бағыты бойынша KC 869 рейсін орындауы тиіс Airbus A320 ұшағы 25 қыркүйекте Атыраудан сағат 09:18-де ұшып кетіп, Стамбулға 10:20-да (жерілікті уақыт) қонған. Стамбулға келген уақытта әуе диспетчері экипажға қону кезінде ұшақтың артқы жақ бөлігі ұшу-қону жолағының беткі қабатын жанап өтті деп хабарлаған. Сағат 10:29-да ұшақ гейтке қонып, жолаушылар әуе кемесінен түсірілді,– деп хабарлады телефон арқылы «Эйр-Астана» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Тілек ӘБДІРАХИМОВ. – Ұшақты тексеру кезінде фюзеляждың, яғни ұшақ корпусының қаптамасы зақымдалғаны анықталды. Осы факті бойынша тергеу жүргізіледі. Ұшақ бортында 136 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ. Тоқтатылған рейстің жолаушылары Алматыға (ал ол жерден Атырауға – З.Б.) басқа рейстермен жеткізіледі.  

Әбдірахимов Түркияда өз еріктерінен тыс аялдаған жолаушылардың нақты саны және оларды үйлеріне жеткізу уақыты жөніндегі ақпараттан бейхабар.

Әуе тасымалдаушының жергілікті кеңсесіндегі қызметкерлердің айтуынша, олар радиограмма күтіп отыр екен. Келу уақытын әуежайдың анықтама бөлімінен 97-05-05 немесе әуе тасымалдаушы кеңсесінің 20-92-75 телефонынан нақтылауға болады. Олар жолаушылардың барлығы компания есебінен Стамбулда түнейтін орынмен және тамақпен қамтамасыз етілетіндігіне сендірді.

26 қыркүйектегі ахуал. «Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 25 қыркүйекте ұшпай қалған Стамбул-Атырау рейсіне 104 жолаушы тіркеуден өткен. 

Сол күні 21 жолаушы Стамбул-Амстердам-Атырау бағыты бойынша KLM әуе тасымалдаушысының KL 1614 рейсімен ұшып кеткен. Рейс 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 20.10-да келген.

Тағы екі жолаушы Стамбул-Алматы бағыты бойынша Turkish airlines әуе тасымалдаушысының ТК 350 рейсімен ұшып кеткен (жолаушыларға Алматыға ұшу керек болыпты).

44 жолаушы 26 қыркүйекте Cтамбул-Амстердам-Атырау бағыты бойынша KLM әуе тасымалдаушысының KL 1610 рейсімен ұшып кетулері тиіс екен.

Тағы 25 жолаушы 26 қыркүйекте «Эйр Астананың» КС 912 рейсімен Стамбул-Алматы бағытында ұшулары тиіс екен. Ол Алматы уақыты бойынша сағат 19.25-те қонады. Ал сағат 20.10-да Алматыдан Атырауға ұшып барулары тиіс.

4 жолаушы мүлдем ұшудан бас тартқан.

8 жолаушы ұшу уақытын 28 қыркүйекке қалдырыпты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 қыркүйек 2012, 22:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.