Атырау, 18 желтоқсан 23:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Жұмысшылардың аштық акциясы және тайсойғандықтар алаңы», «Украинадағы сайлау. Порошенко Зеленскийді жеңісімен құттықтады», «Арман Шораев: Қазақтың намысы – менің намысым», «Үнемдеудің нәтижесі: елордаға инвестициялар екі есе азайды».

3 776 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Жұмысшылардың аштық акциясы және тайсойғандықтар алаңы» - Аймақ баспасөзі осы аптада жабылуға шақ тұрған Ақтөбедегі зауыт жұмысшыларының аштық акциясын жариялауға бел буып отырғанын жазды. Аймақ баспасөзі сонымен бірге Тоқаев сынынан кейін Ақтауда президент бейнеленген билбордтардың алына бастағанын хабарлап, бұрын ресейлік полигон болып келген елді мекен тұрғындарының ауыр тіршілігі туралы мақала әзірлеген.

«Украинадағы сайлау. Порошенко Зеленскийді жеңісімен құттықтады» - Сәуірдің 21-і күні Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Экзит-поллдың алдын ала нәтижесі бойынша, Украинадағы президент сайлауында сайлаушылардың 73,2% - әртіс Владимир Зеленскийге, 25,3% елдің қазіргі президенті Петр Порошенкоға дауыс берген.

ABAI.KZ. «Азат Перуашев: Егер мені диктатор десеңдер, ең алдымен өз-өзіме диктатормын» - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен Қазақстанда кезекті рет кезектен тыс президент сайлауы өтетіні белгілі. Күні де белгіленді. Ол – 9 маусым. Ал, ол сайлауға кімдер түседі? Мәселе осында...

«Ілиястың жұрт біле бермейтін бүркеншік есімдері хақында...» - Қазір Ілиястың есімін бірде Ілияс Жансүгірұлы, енді бірде Ілияс Жансүгіров деп жазып жүр. Одан өзге Ілиястың шығармашылық өмірінде қолданған сан түрлі бүркеншік аты бар. Жоғарыдағы екі есімді бірдей қолдана берген жөн бе? Әлде, солардың бірін алғанымыз дұрыс па? Болмаса, бүркеншік есімдерінің үйлесімді біреуін үлгі еткен дұрыс па? Сан сұрақтың жауабын табу үшін алдымен Ілиястың бүркеншік есімдерін анықтап алайық. Сосын өз пікірімді білдіргенім жөн сияқты.

«Зеленский: "Пост кеңестік елдер бізге қарасын!"» - Пётр Порошенко Украина президенті сайлауының екінші турындағы қарсыласы Владимир Зеленскийді жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ұлттық экзитпол нәтижелері жарияланған баспасөз конференциясында белгілі болды. Сайлау нәтижесі бойынша, Зеленский 73 пайыз, ал Порошенко – 25 пайыз дауысқа ие болған.

«Қазақ қымызы мен шұбаты әлемді жаулайды» - ІІ жаһан соғысында орыс-неміс майданда тұтқынға түсіп, жазасын қазақ жерінде өтеген немістің әскери тұтқындары өз еліне оралған соң, бие байлаған. Солар қымызды әуелі Еуропаға, кейін әлемге танымал етті. Әрі құрғақ қымыз шығаратын құрылығы ойлап тапты. Ол құрылғыны қазақ арграилері де кәдеге жарата бастады.

«Шәмші аға ауылға келгенде...» - «Ауылға Шәмші келіпті. Кенен атасына сәлем бере келген екен. Ол ауылдың мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесу де өткізетін болыпты» деген сөз көпшілікке лезде таралып, адамдар үлкен демей, кіші демей орталыққа қарай ағылды. Солардың қатарында мен де атақты композиторды көруге асықтым. Бұл 1975 жылы, ұмытпасам жаздың ортасы болатын.

«Шеркеш Барысбай сұлтан Кипрді қалай бағындырды?» - Тұтқынға түскен Янус король көпшіліктің алдында Барысбай сұлтанның аяғына жығылып, жер сүйіп, рахымшылық жасап босатуын сұрап жалбарынады. Осылайша Кипр аралы Осман империясына дейін бір ғасырға жуық толығымен мәмлүк-қыпшақтардың (шеркештердің) қол астында болды. Яғни 1426 жылдан 1517 жылға дейін шеркештерге жан амандығы үшін жыл сайын салық төлеп тұрды.

INFORMBURO.KZ. «Кеңес үкіметі Оспан батырды неге сатып кетті? Қытайдағы қазақ көтерілісінің бізге беймәлім тұстары» - Оспан Сіләмұлы – Алтайдың арғы бетіндегі қазақтардың азаттығы жолында өмірін қиған батыр. Коммунистерге қарсы комитеттің Шығыс Түркістандағы төрағасы.

365INFO.KZ «Үнемдеудің нәтижесі: елордаға инвестициялар екі есе азайды» - Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтанда негізгі капиталға салынған инвестициялар жартыға дейін төмендеді.

AIKYN.KZ. «Арман Шораев: Қазақтың намысы – менің намысым» - «48 жыл өмірімнің 25 жылын журналистика саласында өткіздім. Қазір бұл саладан кетіп қалсам да, өзімді журналист деп санаймын. Халық та солай қабылдайды деп ойлаймын. Оның өзінде басшылық қызметтер атқардым. Мүмкін сондықтан да көпшілігі танымайтын шығар. Алайда Facebook және басқа да әлеуметтік желілердегі парақшаларым – өзімнің жеке бұқаралық ақпарат құралым. Ол дегенің – өз газетім, журналым, телеарнам деп есептеймін. Өйткені кейбір ойларды газет бетінде де ашық жариялай алмас едім».


22 сәуір 2019, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.