Авангардтағы сұр панельді бес қабатты үйдің ауласында бейне бір қысқы маусым алдында қоштасқандай жұпаргүлдің жартылай қураған бұтасында хош иісті көкшіл түсті шоқ пайда болды.
Тәжірибесі мол бағбаншы Георгий ЩЕРБАКОВТЫҢ айтуынша, бұл ауытқушылық емес, жай ғана табиғат құбылысы екен:
– Соңғы жылдары мұндай құбылыстар жиі болып тұрады. Бұл ауа-райына байланысты болар. Өсімдіктер қоңыр күзге алданып, күтпеген жерден өсе бастайды. Немесе бұл суарудың жетіспеуінен, яки, азаюынан және табиғаттың суыта бастауымен байланысты шығар. Өсімдік ұйқыға кетерде аяқ астынан суарған кезде, күн қыздырып, содан соң ол қайтадан бой алған болуы керек.
Мұндай құбылыстың жиі болып тұратынын халықтың аңғарымпаздығынан да байқауға болады. Мұндай жағдайда күз жылы әрі құрғақ болады деп жорамал жасайды екен.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор