Атырау, 28 желтоқсан 09:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сымбатты болам десеңіз...

3 743 просмотра

Бетонды алаңда – зілтемірлер жатыр, ал телефон таймері секундтарды есептеуде. 8 жігіт күту үстінде. Бұл тыныштықты алақанға ұрған шапалақ пен «Қыздар, кеттік!» деген біреуінің ащы дауысы бұзды. Олар сол мезетте өздерінің темірлеріне жармасып, көз алдымызда аққан терге малына бастайды, беттері қызарып, тыныс алулары бұл кештегі тыныштықты селт еткізгендей: мен кроссфиттердің кезекті жаттығуларын бақылап тұрмын.

Бүгінгі «мәзірде» үш раунд: денелерін ширату мақсатында жағалау бойымен 4 шақырымға жүгіру, одан кейін екі кешенді күштесу жаттығулары. Келесі жолы бұл «мёрф» болуы мүмкін: 1600 метрге жүгіру, 100 тартылу, 200 сығылу, 300 отырып-тұру және тағы да 1600 метрге жүгіру. Бұл жаттығулар кроссфиттің басқа спорттық жаттығулардан негізгі айырмашылығы болып табылады, яғни әрқашан бәрі жаңадан басталады. Осындай тәсілмен спортшы өз ағзасын «алдайды», себебі әрбір жаттығу ол үшін үлкен күйзеліспен тең. Crossfit  АҚШ-та пайда болған, бүгінгі таңда көптеген елдердің полициялық академиялар мен арнайы жасақты дайындайтын мектептерінде күш жетілдіру мен спорттық пішінді қалыптастырудың негізгі бағдарламасы болып табылады.

- Оны арнайы жасақтардың фитнесі деуге де болады. Ол бүкіл әлемге әйгілі бола бастады, дегенмен Еуропа мен Америкада, енді міне, Ресей мен Украинада кроссфиттен чемпионаттар өткізіліп жатса, бізде ол тек аула спортының деңгейінде қалып отыр, -дейді Атырау үшін жаңа спорт түрінің идеясын таратушыларының бірі, облысқа танымал ескекші, Азия ойындарының чемпионы Николай БОГАЧКИН.

- Кроссфиттің ерекшелігі белгілі бір мамандандырудың жоқтығында. Бұл әрі жекпе-жек, әрі күш арттыратын жаттығулар, ауыр атлетика, сонымен қатар экстремальды жағдайлардан шығуға арналған жаттығулар. Мұндай спорт түрімен жақсы шыныққан спортшылармен қатар үй шаруасындағы әйелдер де тең дәрежеде айналыса алады, тек күш салмағы әрқалай.

- Кроссфит тез нәтиже беретіндігімен ерекшеленеді, жалықтырмайды, себебі, бұл жерде зерікпейсің әрі арнайы жағдай жасауды, жаттықтырушыны, спорт алаңдарын немесе спорттық жабдықтарды талап етпейді. Кез-келген жерде, қандай да бір құралдармен жеке немесе жолдастарымен жаттыға беруге болады, интернет беттерінде кроссфит жайлы түрлі бағдарламалар толып тұр, солардың ішінен әр адам өзіне лайықтысын таңдай алады, - деп кроссфит қозғалысының тағы бір белсендісі Еркін СҮЛЕКЕНОВ жалғастырады.

Шынында да, кроссфит ешқандай нақты талап қоймайды: бұл жігіттер көбінесе таза ауада жаттығады, зілтемір мен өзге де құралдарды облыстық құраманың мүшесі Богачкиннің арқасында ескекшілер базасынан алып пайдаланады. Дегенмен, мұндай «блатсыз» да жаттыға беруге болады екен – зілтемір болмаса, кір тасын көтер, кір тасы болмаса арматура да жарай береді. 

Бұл үйірме достардың қызығушылықтарының арқасында пайда болды: Николай мен Еркіннің жолдастары ешқандай үгіттеусіз өздері-ақ келді.

- Келешекте кроссфитті Атырауда дамытқымыз келеді, - дейді Николай. - Бұл қызықты әрі нәтижелі спорт түрі және дайындығы шамалы адамдарға да есептелген. Онымен кез-келген адам айналыса алады: пішінін сақтағысы келетін бұрынғы спортшылар, қазіргі чемпиондар, артық салмақ тастап, сымбатты болуға ұмтылатын үй шаруасындағы әйелдер. Бұл жерде тек салмақ, қарқындылық пен жүктеме есепке алынатын болады.

Жаттығулар кешені немесе раундтар күн сайын интернет беттерінде жарияланып тұрады, жаттықтырушыны күтпестен, өзі үшін осы жаттығулар негізінде денесін шынықтыру - кроссфиттердің міндеті.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

26 қыркүйек 2012, 22:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.