Атырау, 28 желтоқсан 08:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ұтқанымыз бар болсын...

1 480 просмотра

– Біз «Фанки-таун» балалар кешенінде өткізілген жазғы акциядан Түркияға жолдама ұтқан едік. Алайда басты сыйлық – екі адамға арналған жолдаманы ұсынған туристік компания әлі күнге дейін өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Әуелі уақытын кейінге қалдырды, Ақтөбеден ұшу билеттерін (Ақтөбеге бару-келу жолақысын өзіміз төлейтін шартпен) және қонақ үйге ваучерлер сатып алды. Ұшатынымыз туралы кешке ғана хабар етті, ал таңертеңгісін Ақтөбеге кетуіміз керек болды. Бірақ бізге пойызға билет алу үшін және ол жерде түнейтін  жер табу үшін уақыт керек қой... Оның үстіне аяқ астынан келу уақытын өзгертіп жіберді, ал күйеуім вахтамен жұмыс істейтін еді, жұмысынан сұрана алмайтын болды... Екінші рет қоңырау соққаннан кейін дөрекі сөйлеп, қыңырлық танытып, ілік іздеп отырсыңдар деп айыптай бастайды. 5 жұлдызды қонақ үй болады деген еді, бірақ 4 жұлдызды боп шықты және интернетте ол қонақ үй туралы бірде-бір жағымды пікір жазылмаған екен...

Светлана С.

Созылып кеткен даудың егжей-тегжейі хатта көп айтылған, бірақ біз бұл хикаяны қысқартып беріп отырмыз, өйткені жалпы не туралы екені онсыз да анық қой.

Ойын кешенінің өкіліне телефон арқылы хабарласқанымызда, ол түсінік беруден бас тартып, бірақ белгілі бір бағасын берді:

– Бұл екі тараптың, яғни, біздің конкурстың демеушісі болған турфирма мен жеңімпаздардың өздерінің кінәсі. Екеуі де өздерін орынсыз ұстаған. Компания келісім-шартқа сәйкес, ұшу билеттері мен ваучер кіретін жолдаманы ұсынған, бірақ жеңімпаз өз себебі бойынша бас тартқан. 

Жеңімпаз сілтеген турфирма өкілі Л.Зояның сөйлесу мақамы шынымен де сұхбаттасушы үшін жайсыздау екен. Сирек кездесетін бұл қасиет жұмыс берушілердің көңілінен шығып отырған секілді, ал ұсақ дөрекілік әкімшілік жазаланатын әрекеттер тізіміне кірмейді. Өйткені тараптар өз дегендерінен танбай тұр және екі жақ та сотқа жүгінеміз деп қоқан-лоққы көрсетуде. Біз заңгерден даулы жағдайға қатысты түсінік беруді өтінген едік:

– Егер сыйлық сертификаты тапсырылып, шарттары сертификатта көрсетілген болса, бірақ ол орындалмаса, жеңімпаз жолдаманы ұтыс ойынына тіккен ұйымдастырушыға да, демеуші туристік компанияға да талап-арыз беруге құқылы, - дейді адвокат Гүлсім САБИРОВА. – Бірақ алдымен ол екі заңды тұлғаға да сотқа дейін реттеу жөнінде жазбаша талап қоюы керек – бұл міндетті шарт. Онда бүкіл талаптарын, нақты не нәрсе көңілінен шықпағанын, моральдық зиянды өндіргісі келе ме, әлде басқа шартты қалай ма, не алғысы келетінін, сондай-ақ, өз талаптарының орындалу уақытын көрсетуі тиіс. Егер талаптары қанағаттандырылмаса немесе одан негізсіз түрде бас тартса, ол сотқа талап-арызбен шағымдануға құқылы.

– Даудың екінші тарапы қарсы талап-арыз беруге құқығы бар екенін айтып отыр. Өйткені олар ваучерлер мен әуе билетін сатып алып, шығынға ұшыраған екен. Ал жеңімпаз оны пайдаланбаған.

– Қарсы талап-арыз да сотта қаралады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 қыркүйек 2012, 21:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.