Атырау, 28 желтоқсан 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Соғыс ардагерлері сырт қалған

2 429 просмотра

Индер ауданында ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар коммуналдық төлемдерден қағылып келген. 

Осы мәселеге аудандық прокуратура араласып, ардагерлер мен соғыс жесірлерінің құқын қорғап шықты. Істің мән-жайын анықтай келе, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерінің 2012 жылдың 6 айындағы төлемдерді төлемей келгендігі белгілі болды.

- Бөлім қызметкерлері Атырау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі №249 қаулысының («Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне төленетін ай сайынғы коммуналдық төлемдерін төлеуден өмір бойы босату туралы» - Л.Қ.)күші жойылуын басшылыққа алғанын мәлімдейді. Десек те, ҚР 1995 жылғы 28 сәуірдегі заңына қарама-қайшы. Аудан әкімдігіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде,14 ҰОС-қа қатысушылар мен жесірлеріне төленуге тиісті 265 520 теңге көлеміндегі қаржы өндіріліп, бөлім қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - дейді Индер ауданының прокуроры Нұрлан ӨМІРЗАХОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қыркүйек 2012, 21:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.