Атырау, 28 желтоқсан 08:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Күрделі жөндеу аяқталды

2 674 просмотра

ТШО Теңіз кенішінде орналасқан Екінші буын зауытында күрделі жөндеу аяқталғанын мәлімдеді.

ТШО мәліметтері бойынша, жөндеу жұмыстарына 6 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

«Бұл күрделі жөндеу бір уақытта екі алып нысанда – екінші буын зауытында (ЕБЗ) және ТШО шикі газ айдау нысанында жүргізілген  алғашқы күрделі жөндеу үлгісі болды, - деп хабарланған таратылған баспасөз релизінде. - Нысандардың бір ғана  көлемінің өзі аталған күрделі жөндеу жұмыстарын әлемдегі ең ірі жұмыстар қатарына жатқызды». 

ТШО-ның пайдалану бөлімінің бас менеджері Брэд МИДЛТОННЫҢ айтуынша, зауытты іске қосу процесі мен оның өндірістік қуаттылығын толық мөлшерге жеткізу жұмыстары басталған.

Екінші буынды зауыт пен газды кері айдау нысандары 2008 жылы «екінші буынды» өндірісті кеңейту жобасы аясында пайдалануға берілген болатын. ЕБЗ мұнайды тұрақтандырып, оның құрамынан күкірті бар компоненттерді жояды, сондай-ақ, табиғи газ бен күкіртті айырады. ТШО мәліметтері бойынша, зауыт дүние жүзі бойынша құрамында күкірті бар мұнаймен жұмыс істейтін ірі технология желісі болып табылады.

Екінші буынды зауыттан басқа Теңізде «бірінші буын» зауыты бар – бұл 1993 жылы Теңізшевройлға мұраға қалған мұнай мен газды айыратын кешенді технологиялық желілер (КТЛ, барлығы бесеу). Өткен қыста КТЛ-1 мен КТЛ-2 желілерінде апаттар мен өрт оқиғалары жиілеп кетті. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, бұл желілердегі жабдықтардың тозығы жеткен, олар жөндеуге жарамсыз екен.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 қыркүйек 2012, 19:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.