ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ІІМ-нің осы жылдың 11 қыркүйегіндегі бұйрығымен Атырау облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметіне 1966 жылы туылған, бұрын ІІМ департаменттерінің бірінің бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі ДҮЙСЕМБАЕВ Аян Сәбитұлы тағайындалды.
Осы бұйрықпен ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметінен С. ЕРБӨЛЕКОВ берген рапортына сәйкес қызметінен босатылып, департамент қарамағында қалдырылып отыр.