Атырау, 28 желтоқсан 09:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қызметкерлер кетуі тиіс

1 912 просмотра

17-18 қыркүйекте Атырау облысының прокуратура органдарында кезектен тыс аттестацияның соңғы кезеңі болып өтті.

Аттестациялық комиссия 5 қызметкерді лауазымдарына лайық емес және олар басқа қызметке немесе лауазымға ауыстырылуы тиіс деп есептеді. Олар аудан прокурорларының 2 орынбасары және Атырау қаласы прокурорының 3 көмекшісі. 8 қызметкерді лауазымынан төмендету ұсынылды, олардың 4-уі – облыстық прокуратура, 2-уі – қалалық прокуратура және 2-уі – аудандық прокуратура құрылымынан. Тағы 6 адам, аттестациялық комиссияның пікірінше, мүлдем жұмыстан шығарылуы тиіс. Бұлар қалалық прокуратураның 3 қызметкері және аудандық прокуратураның 3 қызметкері. 2 қызметкерге жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға ұсыныс берілді. Ал екеуі өз қалаулары бойынша аттестацияға дейін жұмыстан шығып кетті.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, бар болғаны 109 адам қайта аттестаттаудан өткен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қыркүйек 2012, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.