Атырау, 19 желтоқсан 00:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ерте сайлау: Заңнамалық қайшылықтар және билік "мұрасы"», «Қазақ саясаттағы ескі есімдерден шаршады», «Президенттік сайлау: Ұлтшылдар билікке қарап есінейді», «Шоқайды қаралаудың артында кім тұр?», «Нумеролог: 9 саны – Абай мен Елбасының саны».

3 257 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ерте сайлау: Заңнамалық қайшылықтар және билік "мұрасы"» -Сарапшылар кезектен тыс өтетін президент сайлауының заңнамаға сәйкестігін түрліше бағалайды. Бірақ олардың бәрі саяси қажеттілік туғанда мәселенің заңдық жағы кейінгі орынға ысырылып қалатынын айтады.

QAMSHY.KZ. «Президенттік сайлау: Ұлтшылдар билікке қарап есінейді» - Күні кеше жасалған Тоқаев үндеуінен соң ел арасында сайлауға кім түсетіні туралы дүдәмал пікірлер жауыннан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кетті. Шынтуайтында, сайлауға түсетін үміткерлер арасынан ұтымды бағдарлама жасап, тұтқа ұстауға ұмтылатын біреу табылар ма екен?

«Қазақтар балаға инвестиция салу мәселесiне мүлде мән бермейдi – экономист» - Баяғыда біреу үлкен ғұламаға барып «өмірімнің соңына дейін бақытты, сәтті болуым үшін не қажет» деп сұрапты. Сонда ғұлама ол үшін ұрпағыңа кәсіптің көзін табуға үйрет» деген екен.

ABAI.KZ. «Қазақ саясаттағы ескі есімдерден шаршады» - Дос Көшім мырзаның кешегі «Abai.kz» порталына айтқан пікірі әбден орынды. Жасы 60-тан асқан, немесе 60-қа жеткендердің саясаттағы рөлі – кеңесші ғана. Болды. Бітті. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап, күні бүгінге дейін саясатты сеніп тапсыратын бір адам тәрбиелей алмасақ, қалғаны бос сөз...

«Ғаламтор қазақ еліне қалай келді?» - Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған интернет пайда болды.

TURKYSTAN.KZ. «Нумеролог: 9 саны – Абай мен Елбасының саны» - Қазақ әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні болған. Әр мәдениетте өзіндік сандар символикасы бар. 

DALANEWS.KZ.  «Шоқайды қаралаудың артында кім тұр?» - Мұстафа Шоқайды қаралау неліктен Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіпті? Соңғы кездері осыған дейін тасада тығылып отырғандар тағы «тірілді». Мұстафа Шоқайға тіл тигізу «науқаны басталды». Ал бұлардың артында кім тұр? 


11 сәуір 2019, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.