* * *
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Е.А. Досаевты Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлығы
Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
* * *
Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туылған.
1987 жылы Алматыдағы Республикалық физика-математика мектеп-интернатын бітірген. 1992 жылы Алматы энергетикалық институтын «электрондық техника инженері» мамандыы бойынша бітірді.
1997 жылы «ТұранӘлемБанк» ЖАҚ басқармасы төрағасының орынбасары, одан кейін «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы болып жұмыс жасады. 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі. 1998 шілдеден - Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, 2000 жылғы ақпаннан - қаржы вице-министрі. 2001 жылғы мамырдан - Қазақстанның даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы.
2002 жылғы қаңтарда Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 2003-2004 жылдары елдің қаржы ведомствосын басқарды.
2004 жылғы 5 сәуірден 2006 жылғы қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі.
Осы кезге дейін «Қазинвестбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.