Атырау, 3 маусым 02:25
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Бұрынғы еңбек министрі Әбдіқалықова Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

2 433 рет қаралды

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметіне  тағайындалды деп хабарлайды сәрсенбіде мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметіне  тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен; Марат Әбілахатұлы Оразаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды»,-деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

newskaz.kz

26 қыркүйек 2012, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.