Фото дереккөзі: to-inform.comІле-Алатау ұлттық саябағында жаппай адам өлтіргені үшін исламның радикалды ағымының екі мүшесі іздестірілуде делінген Алматы облысының ІІД полицейлік тұспалдамасында.
«Осы қылмысты жасағаны үшін (Іле-Алатау ұлттық саябағындағы жаппай адам өлімі) Батыс-Қазақстан облысының тумасы Саян Хайров пен Жамбыл облысының тумасы Заурбек Ботабаев іздестірілуде. Аталған тұлғалар исламның радикалды ағымының мүшелері болып табылады», - деп жазылған Алматы облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары Берік Қожамбердиев қол қойған тұспалдамада.
Аталған түлғалар тұспалдамада: «Қаруланған және қалалық ІІБ әкімшілік ғимаратының ішіне кіру үшін полиция қызметкерлерінің формасын киіп алып, құқық қорғау органдарына қарсы лаңкестік әрекет жасауы мүмкін», - деп баса көрсетілген.
Іле-Алатау ұлттық қорығының тұтқындалған қорықшысы Алексей Шкилевтің адвокаты Ермұрат Мұқанов айтқандай, іздеудегі қылмыскерлер Алматы облысы Қарасай ауданы Таусамалы ауылындағы арнайы операция барысында топ мүшесінің бірі қалмай қаза болған қылмыстық топқа қатысы болуы мүмкін.
«Ол тұспалдаманы көрдім. Облыстың бүкіл бекініс пунктерінде ілініп тұр. Таусамалындағы қаза болғандарға олардың қатысы бар деседі. Іле-Алатау ұлттық саябағындағы адамдардың қазасына қандай қатысы барын білмеймін», - деді Е.Мұқанов.
Оған қоса, қазіргі уақытта ұлттық саябақтағы өлім туралы іс бойынша тағы бір қамаудағы адамды қорғап жатқанын хабарлады. Ол қылмыстық топтың мүшесі емес, дегенмен топ мүшелерімен кездескен.
«Қазір ақтөбелік бір бала – Мұханбеткалиевке қорғаушы болып жүрмін. Оның да қаза болғандарға қатысы бар деседі (Таусамалы ауылы). Меніңше, бұл істерге оның қатысы жоқ (қылмыстарға) – ол көлігін сатқан, телефон арқылы сөйлескен. Қазыр Қарасай ауданында уақытша ұстау изоляторында отыр, ресми түрде көлігінде табылған жырықтан басқа тағылған ешқандай айып жоқ. Бас прокурор тергеу әрекеттерін өткізу үшін оның ол жақтан жөнелтілуіне санкция берген», - деп мәлімдеді Е.Мұқанов.
Адвокат А.Шкилевтің қылмыстық ісі бойынша қосымша сараптама тағайындалғанын және соның нәтижесі бойынша іс сотқа жіберілетіндігін айтты.
«Тергеуші әскери серіппенің бүлінуінің өрт салдарынан болу-болмауын анықтау мақсатымен өрт-техникалық сараптамасын белгіледі. Қорытындысы дайын болған соң істі сотқа бермекші. Ол шамамен қазан айының басына келер», - деді ол.
Е.Мұқановтың пікірінше, қорықшы айыпты болып танылған күннің өзінде бас бостандығынан айырыла қоюуы екіталай.
«Сот оны кінәлі деп тапқан күннің өзінде шартты түрде босатады. Тиісті бапқа сәйкес алдымен 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы бар, содан кейін ғана бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бұрындары сотты болмаған, жағымды мінезделетін адамды түрмеге отырғыза алмайды, - деді ол.
Хабарланғандай, 13-14 тамызда Алматы облысындағы орман шаруашылығы аймағында 11 адамның, сонымен қатар ұлттық саябақ қорықшысы Панайота Захаропулоның мүрдесі табылған. Төтенше оқиға орнында Nissan Patrol, ВАЗ-21213 және УАЗ көліктері анықталған. 28 тамызда қорықшының үйінен тағы бір дененің табылғандығы белгілі болады.
ҚР ҚК-нің 96 бабы 2 бөлімі (екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Тыныбеков басқарды.
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орман шаруашылығының қаза болған қорықшысының 51 жасар ұлы Игорь Захаропулоны іздеу жалғасып жатыр.
Іле-Алатау ұлттық саябағындағы жаппай адам өліміне байланысты 18 тамызда жоғарғы кордонның қорықшысы Алексей Шкилев тұтқындалды. Оған қаруды заңсыз сақтады деген айып тағылды, өйткені үйінен әскери оқ-дәрі атуда қолданылуы мүмкін деген өртенген екі қару анықталған. Адвокаттың айтуына қарағанда, қарудың қорықшыға тиесілі екендігі дәлелденбеген.
Қарасай аудандық соты А.Шкилевті 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция шығарды. Алматы облыстық соты қаулыны өзгеріссіз қалдырды.
Алда хабарланғандай, шілденің 11-і күні сағат 03:30-да Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамалы ауылы, Сейфуллин көшесі, № 98 үйде болған жарылыс пен өрт нәтижесінде 8 адам, соның ішінде 4 бала қаза болған.
Облыстық ТЖД мәліметтері бойынша жарылыс нәтижесінде болған өрт аумағы 100 шарты метрді құраған. Үй түгелдей өртеніп кеткен. Өрт сөндірілгеннен кейін үй ішінде табылған 7 адамның денесі қатты күйген.
Оқиға орнын тексеру кезінде жедел-тергеу үйдің гаражынан қару, оқ-дәрі, полицейлік киім мен діни әдебиет тапқан.
24 баптың 1 бөлімі (қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға ниеттену) мен 233 баптың 2 бөлімінің «б» тармағымен (лаңкестік) прокуратура қозғаған қылмыстық істі тергеуді ҰҚК толықтай өз мойнына алды.