Атырау, 28 наурыз 17:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Тоқаев та кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады», «Президент сайлауы жарияланды. Енді не болмақ?», «Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түсуге құқығы бар екенін айтты», «Ақылы олимпиадалар неге көбейді?».

3 582 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ақылы олимпиадалар неге көбейді?» -  Жалпы білім беретін мектептерде алыс және жақын қашықтықта түрлі пәндерден өтетін ақылы олимпиадалардың саны артып келеді. Алайда мұны "оқушы есебінен ақша табу көзі" деп есептейтіндер де бар. Ұйымдастырушылар мұнымен келіспейді.  

«Президент сайлауы жарияланды. Енді не болмақ?» - 9 сәуір Алматы уақытымен 15:00-де AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауын жариялауы талқыланды. Хабарға саясаттанушы, Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының бас директоры Толғанай Үмбетәлиева қатысты.

«Тоқаев та кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады» - Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы мерзімін жариялаған президент Тоқаев сайлаудың "ашық, әділ өтетінін" айтты.

«Ресей Арктикада әскери қуатын арттыруды көздеп отыр» - Ресей президенті Владимир Путин Арктика аумағында табиғи ресурстарға бәсеке қызған шақта жаңа порттар мен өзге де нысандар салып, атом мұзжарғыш кемелерінің санын ұлғайтатынын хабарлады. Путин әріптестері аймақта халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды.

ABAI.KZ. «Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түсуге құқығы бар екенін айтты» - Тәуелсіз Қазақстанның екінші президенті, дәлірек айтсақ, президенттің міндетін уақытша атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев ел-халыққа қайырылып сөйледі. Сайлау өтетінін айтты. Күнін де белгілеп берді. Ол – биылғы жылдың 9 маусымы күні.

«"Қазақы сайлаулардың" шым-шытырық тарихы хақында...» - Кеше, 9 сәуір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді. Сөйтіп, 2020 жылы өтуі тиіс сайлау биыл 9 маусымға белгіленді. Жалпы кезектен тыс сайлау Қазақстан қоғамы үшін таңсық дүние емес. Бұған дейін де бірнеше мәрте кезектен тыс президент сайлап көрген. Оның үстіне осы жолғысы тіпті ай жарық түнде ұрлық істегендей болды. Көпшілік кезектен тыс сайлау өтетінін сезіп отырды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттілігін тоқтататынын жариялағаннан батсап, ендігі қадам сайлау өткізу екенін екінің бірі айтып жүрді.

INFORMBURO.KZ. «Пәтер мәселесі қалай шешіліп жатыр? Көп балалы ана тіркеусіз болса, қайда хабарласады?» - Үкімет отырысы кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік мәселелерге арналды.


10 сәуір 2019, 08:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.