«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырымбек Көшербаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындады», деп хабарланды Ақорданың Twitter-дегі ресми аккаунтында.
«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында туған.
Білімі
1978 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді
Қызмет жолы
1978-1979 жылдары Қызылорда қаласында қаласында «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы
1979-1981 жылдары Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы
1981-1982 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі
1982-1983 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы
1983-1986 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық қалалық комитетінің бірінші хатшысы
1986-1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары
1987-1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі
1988-1991 жылдары Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты
1991 жылы Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті
1991-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі
1994-1995 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы
1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі
1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі
1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі
1999 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі
1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
2000-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі[2]
2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
2006 жылдан бері Маңғыстау облысының әкімі [3]
2011 жылдың 22 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында және Шетпеде орын алған оқиғалардың шиеленісуіне байланысты өз еркімен қызметінен кетті.
2012 жылдың 13 шілде күні Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.