AZATTYQ.ORG. «"Шаңырақ ісімен" сотталған Құрманғазы Өтегенов құқықтық көмекке зәру» - “Шаңырақ ісі” бойынша 16 жыл түрме жазасына кесілген Құрманғазы Өтегенов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу мүмкіндігіне байланысты құқықтық көмекке зәру.
«Қырылған балық экологиялық апат үрейін тудырды» - Төрт айдан бері балық қырылып жатса да, билік өкілдері апаттың себебін анықтай алмады. Билік қылмыстық іс қозғалғанын, балықтың қырылуы тоқтағанын, өзен өлі балықтардан тазарғанын айтады. Бірақ мамандар бұл уәжбен келіспей, аймақта өмір сүру қауіпті деп санайды.
«Сәуір төңкерісін еске алу шарасында Атамбаев Жээнбеков билігін сынады» - 2010 жылы Қырғызстанда болған Сәуір революциясына тоғыз жыл толды. 7 сәуірде елдің қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков пен экс-президент Роза Отунбаева «Ата-Бейіт» мемориал кешеніне барып, революция құрбандарының рухына тағзым етті.
«Қар барысын қорғаушыға айналған бұрынғы браконьерлер» - Алтай Республикасының шалғай аумағында орналасқан Аргут шатқалында бұрын браконьер болған бес азамат қар барысының қорғаушысына айналған. Қазір аңшылар жыртқыш аңның терісі мен етін емес, олардың суретін олжа санайды.
QAMSHY.KZ. «47 жылдан бері Айға адам ұшпады. Неге?» - Жер ғаламшарының серігі – Айға адамзат тарихында небәрі 12 ғарышкер ғана ұшыпты. Түрлі миссияларды атқару мақсатында ұйымдастырылған «ғарыш жорықтарының» небәрі үш жылға (1969-1972) созылуының себебі неде?
«Аты аңызға айналған "Бутырка" түрмесінен қашып шыққан кімдер?» - «Бутырка» – Мәскеуде орналасқан, аты аңызға айналған тергеу изоляторы. ТМД елдерінің көпшілігіне бұл түрме «17 мгновений весны» фильмі арқылы танымал. Кинодағы түрме картиналары, ұзын дәліздер, қырағы күзетшілер, бірнеше қабаттан тұратын темір торлар бұл жерден ешкімнің қашып шыға алмайтынына көрерменін толық сендірді. Ал анығында, «Бутырка» түрмесінде бірнеше рет қашу операциялары жоспарланып, бірқатары жүзеге асқан.
«Қытайға ерік берсе, полигон аймақтарын да гүлдендіріп алар еді» - Полигон аймақтарына инвесторлар тарту қаншалықты тиімді?
ABAI.KZ. «Аңыз Мұхтар» - МағауинСуретші Мұхтар Мағауиннің портретін салуға тапсырма алды. Өмірде талай көрген адамы болған соң келісе салды. Алайда қылқалам қалай қолға тиді, солай дағдарып қалды. Иә, ол шынында да қандай адам еді?