ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа басшысы болып Серік Әбденов тағайындалды деп хабарлайды сәрсенбіде Твиттердегі өзінің ресми аккаунтында Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Серік Әбденов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.