Атырау, 5 қазан 03:18
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстан Президенті Үкіметте кадрлық ауыс-түйіс жасады

3 445 просмотра

Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлығын жариялады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мыналар:

Қайрат Нематұлы Келімбетов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі;

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Салидат Зекенқызы Қайырбекова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;

Болат Бидахметұлы Жәмішев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі;

Дархан Қамзабекұлы Мыңбай – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі;

Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі болып тағайындалсын.

bnews.kz

25 қыркүйек 2012, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.