Атырау, 24 қараша 22:23
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Емдеді де тұтқынға алды

2 174 просмотра

Құлсарыдағы арнайы операция кезінде түсірілген сурет. 12.09.2012ж.Құлсарыда өткен арнайы операция кезінде терроризмге қатысы бар деген топтың ішінде жалғыз ғана тірі қалған күдікті тұтқындалды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, 22 қыркүйек күні №2 қалалық сот Махамбет ауданының 20 жастағы тұрғыны Алдияр САПАРОВТЫ екі ай мерзімге қамауға алу үшін санкция берді. Оған ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлімі бойынша (Терроризм) айып тағылып отыр.

«2012 жылдың 12 қыркүйегінде А.Сапаров Құлсары қаласында ұйымдасқан топтың құрамында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы қақтығыс ұйымдастырып, жарақат алған соң медициналық бөлімшеге жатқызылды» - делінген облыстық соттың баспасөз-релизінде. Жылыой ауданының орталық ауруханасында Сапаровтың құрсақ қуысы тұсында ішкі мүшелерінің әйнекпен зақымданғаны белгілі болды. Дереу ота жасалып, келесі күні ол облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Бұл 5 қыркүйек күні Атырау қаласы, Молдағұлова көшесіндегі жеке тұрғын үйде орын алған жарылыс фактісін тергеу жұмыстары шеңберіндегі 5-ші тұтқындау («Жарылғыш заттан ажал құшты» жарияланымын қараңыз).

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

25 қыркүйек 2012, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.