Атырау, 8 маусым 06:35
 ашықВ Атырау +24
$ 446.65
€ 477.65
₽ 5.49

Прокурор Козлов үшін 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

1 985 просмотра

АҚТАУ, 25 қыр – Қазақстан жаңалықтары АА. Прокурор ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әлеуметтік араздықты туғызды деген айып тағылған тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов үшін мүлкін тәркілеумен  9 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Козловты 235-ші бап бойынша (Бір неме бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топты құру) 164-ші баптың 3-ші бөлімі бойынша (ауыр зардаптарға әкеп соққан әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру) бойынша кінәлі деп тауып – 9 жыл, 170-ші бап бойынша – 6 жыл, жалпы қосқанда 9 жыл беруді сұраймыз. Мүлкін кәмпескелеп, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтегенін сұраймыз», - деді прокурор дүйсенбідегі сот отырысында.


 Сонымен қатар, прокурор Серік Сапарғалиды 164-бап бойынша кінәсіз деп тауып, тек 170-бап бойынша кінәлі деп тауып, оны төрт жылға соттауды сұрады.

Төрт баласы бар Ақжанат Әминовтің денсаулығы нашар екенін ескеріп, оны кәмпескелемей бес жылға соттауды сұрады.

newskaz.kz

25 қыркүйек 2012, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.