Атырау, 28 қараша 10:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

НАТО Ресейге соққы жасауға дайын

2 791 просмотра


НАТО Ресейге кез келген уақытта соққы жасай алады. Польша генералы Вальдемар Скшипчак осындай мәлімдеме жасады. 

Қазіргі уақытта НАТО Ресейдің агрессиялық саясатына қарсылық есебінде санкция енгізуден бөлек, ядролық қаруды қолдану жайын қарастырмақ. Скшипчактың айтуынша, Польша тарапы Еуропа елдерінің ешқандай әскери күші Ресейдің қарулы күштеріне қарсы төтеп бере алмайтынын ескеріп, Ресейден қорғану үшін НАТО-ға мүше болған.

4 сәуірде Уашингтонда НАТО-ның 70 жылдығына орай өткен жиында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео әлемде «ұлы державалар бақталасының жаңа дәуірі басталғанын» айтқан болатын. 

Екі күндік жиын кезінде НАТО елдері Қара теңізде әскери кемелерді көбейтуге келісіп, Украина және Грузиямен өтетін жаттығуды арттыруға уағдаласқан. Мұны одақ басшысы Йенс Столтенберг жиыннан кейін хабарлаған. Сондай-ақ, НАТО мен АҚШ Ресейден төнетін қауіп түрлерін талқылап, «қай уақытта да дайын болу керек» деген қорытындыға келген. 

Ал Ресей сыртқы істер министрлігі 4 сәуірде жасаған мәлімдемесінде Уашингтондағы НАТО кездесуі одақтың «Ресейге қатысты әскери және саяси дұшпандығын доғаруға құлықты емесін көрсетеді» деген.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

6 сәуір 2019, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.