ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 11920,93 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 8360,52 гектар Қарасай ауданы және алаңы 3560,41 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 21 қыркүйек. №385