Атырау, 19 желтоқсан 00:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«"Қазақ даласы онсыз да орыстың сынақ алаңы болып келді." АЭС-тің салынуына қарсылар көбеюде», «Қырғызстан парламенті бұрынғы президенттерді жауапқа тартуға рұқсат берді», «Сауд Арабиясы мұнай бағасын көтеруді армандайды: 70$ — шегі емес!».

2 900 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қырғызстан парламенті бұрынғы президенттерді жауапқа тартуға рұқсат берді» - Қырғызстан парламенті бұрынғы президенттерді тиіспеушілік құқығынан айыратын заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Бірақ идея авторлары құжатты қайтарып, толықтыру қажеттігін айтады.

365INFO.KZ «Сауд Арабиясы мұнай бағасын көтеруді армандайды: 70$ — шегі емес!» - Сауд Арабиясында мұнай өндірудің төмендеуі шикізат бағасының өсуіне әкелді. Brent баррелінің құны бес айда алғаш рет баррель үшін 69 доллардан жоғары көтерілді. Қазірдің өзінде бағалар 70 долларға жақындады. Бірақ бұл жеткіліксіз: Сауд Арабиясының мақсаты — 15-20%-ға көтеру.

QAMSHY.KZ. «"Қазақ даласы онсыз да орыстың сынақ алаңы болып келді." АЭС-тің салынуына қарсылар көбеюде» - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы сапарын Ресей елінен бастағаны белгілі. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кремльде өткен  келіссөз кезінде "Қазақстанда атом электр станциясын салуды" ұсынған. Осыған сәйкес бірқатар саясаткерлер пікір білдіруде деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Мұратбек Иманәлиев: Қытай — ешқашан оқып бітіре алмайтын университет» - «Орталық Азияда синологиялық орталықтар — аса маңызды қажеттілік. Бұл қазіргі сәттің ғана емес, өткен шақтың да, тіпті келешектің де талабы. Сол себепті, Қытаймен серіктес болмай тұрып, оның не екенін барынша біліп алуымыз керек», —  деп атап өтті қытайтанушы ғалым, дипломат, ШЫҰ экс-бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев CABAR.asia сараптамалық порталына берген сұхбатында, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ABAI.KZ. «Instagram – өрмекшінің торы...» - Көзінде от, жүрегі жалындап тұратын кешегі шоқтығы биік жігіттер мен аяулы қыздарымыздың бүгінгі бейнесі көз қуантарлық емес. Тұнып тұрған - иллюзия. Өзгенің бақыты. Қызыға, қызғана басылған амал жоқтықтың лайктары. Арагідік өзін салыстыру, төмендету, жек көру сезімдері байқалады. Мұңлықтың жасын төгіп ата-аналарын кінәләй жөнеледі. Отбасылық бітіспес конфликт. Шеті, шегі жоқ мәселе.

«Қожағапанов туризм мен "сутенерлікті" ажырата алмай ма?» - Өткен апта өткен Есеп комитетінің отырысында туризм саласындағы бір былықтың беті ашылды. Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанның айтуынша, Елде туризмді дамытауға бөлінген қаржы бағытынан адасып, басқа мақсатта жұмсалған. Туристік инвестициялық форум ұйымдастырып, бес меморандум бекітуге бөлінген 75 млн теңге «Мисс Қазақстан» байқауының тек іріктеу кезеңін өткізуге жұмсалған.

INFORMBURO.KZ. «Әлемде әрбір жетінші адам туған жеріне тұрақтамайды екен. Қазақстанда қалай?» - 21- ғасырдағы миграция, яғни көші-қон әлемдегі демографияға байланысты сөзсіз әрі шарасыз құбылысқа айналып отыр.

TURKYSTAN.KZ. «Бір ерліктің ақиқаты» - Смағұл болыс ретінде көп уақытын ел ішінің дау-дамайын шешуге арнады. Кейде жергілікті қазақтар жекелеп, не топ-тобымен бұл «ине-жіптен жаңа шыққан» болыстың үйіне, «мына заман қалай ауан алып барады» тәрізді сұраулармен ентелейді. 


5 сәуір 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.