Атырау, 22 қараша 10:58
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Израиль Иранға шабуыл жасаса өз түбіне жетеді - Амир Али Хаджизаде

2 259 просмотра

АСТАНА. 24 қыркүйек. BAQ.KZ - Ислам төңкерісі Қорғаныс корпусының әуеғарыш күштері қолбасшысы Амир Али Хаджизаде Израильдің Иранға соққысы Үшінші дүниежүзілік соғысқа алып келуі мүмкін деп ескертті, деп хабарлады «Аль-Алям» телеарнасына сілтеме жасап BNews.kz.

«Иран бірінші болып соғыс бастамайды, алайда, жауларымыз бізге қарсы шабуыл жасауға дайындалып жатқандығына көзіміз жетсе, алдын-ала соққы беруіміз мүмкін. Әзірге мұндай алғы шарттар жоқ. Израиль бұл басқыншылыққа ИИР қаншалықты ауқымды әрі әлемді қамтитындай етіп жауап беретінін білмей отыр, ол Израильдің соңы болады және Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы да мүмкін. Соғыс өрті тұтанса Бахрейндегі, Катардағы және Ауғанстандағы Американдық базаларға да, АҚШ-тың осы өңірдегі элементі ретінде шүбәсіз шабуыл жасалады», - деп хабарлады генерал Хаджизаде.

ИРҒК қолбасшысы генерал М.А.Джафари хабарлағанындай, «Израиль билігі Иранға шабуыл жасаса, бұл сионистік режимнің соңы болатындығын түсінуі керек. Бұлайша олар өз өмірлеріне қастандық жасаған болады. Иран халқы бүгінге дейін жауларының алдында тізе бүгіп көрген жоқ, бұдан былай да жеңілмейді, өйткені біз қорғаныс саласында озық технологияларға қол жеткіздік. Сондықтан, бізге шабуыл жасауға ешкімнің де батылы жетпейді деген ойдамын. Алайда, Израиль жағы ақылға салады деп сенемін және соғыс өртінің тұтану мүмкіндігі де жоқ емес, алайда қайда және қашан болары әзірге белгісіз».

Өз кезегінде, Reuters хабарлағанындай, Иран Парламенті Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық саясат жөніндегі комитетінің мүшесі Д.Джахангирзаде АТЭХАГ-ты (МАГАТЭ) Израильге ядролық құпияларды берді деп айыптады: «Егер де Иран АТЭХАГ-пен өз байланыстарын қысқартса, онда бұған агенттік басшысы Ю.Аманоны кінәлау қажет. Ю.Аманоның Тель-Авивке қайта-қайта баруы және израильдік шенеуніктердің Иранның ядролық қызметі туралы қызығушылығы көрсеткеніндей, ядролық қызмет туралы ақпарат сионистік режимге және ислам республикасының өзге де жауларына жарияланған».

АТЭХАГ бұл пікірлерге ешқандай түсінік берген жоқ.

BAQ.KZ

24 қыркүйек 2012, 20:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.