Атырау, 28 наурыз 22:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Назарбаев «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратына Сағынтаевты таныстырды

2 445 просмотра

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратына партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевты  таныстырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратына «Нұр Отан» ХДП Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевты таныстырды», - деп баспасөз қызметі Твиттердегі ресми парақшасында хабарлады.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Талас ауданы, Үшарал ауылында туған.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.

Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейін жақындастыру».

Табиғи монополиялардың әрекет ету аумағын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар ғылыми жұмыстардың, жарияланымдардың авторы.

1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы. 1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент. 1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары. 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы. 2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.

2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.

2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.

2012 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.

newskaz.kz

24 қыркүйек 2012, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.