AZATTYQ.ORG. «Досым Сәтпаев: "Қазақстанның Ресейге қатысты саясаты инерциялық сипатта болмақ"» - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы ресми шетелдік сапармен Ресейге барды. Азаттыққа берген сұхбатында саясаттанушы Досым Сәтпаев Тоқаевтың Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде қандай мәселелер қозғалуы мүмкін екені, Қазақстанның Қытай және Ресеймен қарым-қатынасы туралы айтты.
«Тоқаевты Мәскеу "лайықты түрде" күтіп алды ма?» - Жергілікті әлеуметтік желі қолданушылары тұңғыш сапарын Мәскеуден бастаған Тоқаевты "Ресейдің тиісті деңгейде күтіп алмағанын" талқылап жатыр. Сарапшылар "кездейсоқ ештеңе болмайды" деп санайды.
«Қазақстан белсенділері Зеленскийге елең етті» - Украинадағы президент сайлауында әртіс Владимир Зеленскийдің президент Петр Порошенкомен қатар екінші турға өтуі Қазақстан жұртшылығын таңырқатып, әлеуметтік желіде «Украинадағыдай болғанын қалаймыз» деушілер көбейді. Белсенділер Украинадағы демократиялық сайлаудан үлгі алуға шақырса, оппозиция алдағы президент сайлауына ортақ кандидат ұсынуға бола ма, жоқ па деген мәселені талқылап көрмекші.
QAMSHY.KZ. «Сәтбаевтың сара жолы немесе ғалымның көзін көрген ақынның естелігі» - Үстіміздегі жылдың 12-сәуірінде ғұлама ғалым, Қазақ елі Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толады. Бала кезімде мен ол кісінің көзін көріп едім....
«Қожакеев және бүгінгі ұрпақ» - «Тағдыр ажалға сабыр берсе, әлі де жұртқа деген ықыласымызды білдіріп, шапағатымызды тигізе береміз деген ойдамыз!». Бүгінгі мақаламыз өзі турасында осылай деп жазып қалдырған Темірбек Қожакеев хақында болмақ.
INFORMBURO.KZ. «Каспий теңізіндегі әскери кемелердің қауіпсіздігі заң жүзінде қорғалады. Енді әскери және әуе кемелері радиобайланыста ағылшын тілі қолданылады» - Мәжілісте Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімдердің заңдық күші қарастырылды. Заң жобасы мақұлданды.
CAMONITOR.KZ. «"Алаш Орда" басшылары Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресушілер болды ма?» - Біз ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси тарихындағы «Алаш» қозғалысының рөлі мен маңызын талқылауды жалғастырамыз. Бүгін тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Аманжолова өз пікірімен бөліседі.
AIKYN.KZ. «Дәрігерлер зейнетке ерте шыға ма?» - Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдан бастап кейбір дәрігерлердің зейнетке шығу жасын қысқартуы мүмкін. Заңға өзгерістер енсе, хирург, акушер-гинеколог, неонатологтар зейнетке ерте шығуы мүмкін.
TURKYSTAN.KZ. «Медбике мүгедек жасаушы ма? немесе олардың біліктілігі неге қадағаланбайды?» - Желіде 1 жасар Нұрислам Тасболаттың клизма жасау кезінде күйіп қалғаны жайлы ақпарат қызу талқыға түсуде. Ол Шымкенттегі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 25 наурыз күні түскен.