Атырау, 28 қараша 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Моңғолия заңгерлері президент пен премьерге қарсы шықты

1 599 просмотра


Сәуір айының 3-і күні Моңғолия заңгерлері ел президенті Халтмаагийн Баттулга ұсынған заң жобасын қабылдауға қарсы Конституциялық сотқа шағымданатындықтарын мәлімдеді. 

Олардың сөзінше, заң жобасы Моңғолия Ата Заңына қайшы. Халтмаагийн Баттулга ұсынған заң бойынша, бұдан былай жемқорлықпен күрес басқармасы, Прокуратура және Жоғарғы сот басшыларын тағайындау немесе қызметінен алып тастау Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асырылады. Заңгерлердің  айтуынша, Халтмаагийн Баттулга ұсынған заң жобасының қабылдануы салдарынан болашақта президент жемқорлықпен күрес басқарма басшысын өз қалауы бойынша, ал премьер-министр Жоғары сот пен Бас Прокурорды өз қалауы бойынша тағайындайтын болады. Бұл өз кезегінде Моңғолия Конституциясында жазылған тәуелсіз сот жүйесінің принциптеріне қайшы келуде. Айта кететін бір жайт, Халтмаагийн Баттулга өзі ұсынған заң жобасын Парламент мақұлдаған күннің ертеңінде Жоғарғы соттың Бас судьясы Д. Зоригті қызметінен босатқан. Ресми ақпарат бойынша, ол қызметінен өз еркімен кеткен. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Бас судьямен қатар алты бірдей жоғары лауазымды заң қызметкері орнынан алынып тасталған.  

Дереккөз: qazaqtimes.com

3 сәуір 2019, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.