Актер Алексей Булдаков 68 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы "Амурская осень" театр және кино фестивалінің президенті Сергей Новожилов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
Булдаков 1951 жылы 26 наурызда Алтай өлкесінің Макаров ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанда өсіп, еңбек өтілін біздің елде бастады. Чехов атындағы Павлодар драма театрында театр студиясын бітірген (1969). Павлодар трактор зауытында жұмыс істеді. 1976 жылға дейін Павлодар, Томск, Рязань театрларында жұмыс істеді. 1982 жылға дейін - Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында қызмет етті.
Булдаков "Особенности национальной охоты" фильмінде генерал Иволгиннің рөлін сомдап, танымал бола түсті. Жалпы 150-ден аса фильмде түскен және бірнеше музыкалық альбом жазған. Булдаков - "Ника" премиясының лауреаты. Ол РСФСР еңбегі сіңірген әртісі, сондай-ақ, Ресей Федерациясының халық әртісі.
Дереккөз: tengrinews.kz