Атырау, 19 желтоқсан 00:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Назарбаев тарихтан сабақ алды», «"Барымыз да, бағымыз да – тәуелсіздік". Қ.Тоқаев алғашкы сұхбатын қазақтілді журналистерге берді», «Қазақстанның қай қаласы туристер үшін ең тартымды?», «Қырғызстанда қазір басты мәселе экономика емес, билік үшін күрес».

3 419 просмотра

DALANEWS.KZ.  «Назарбаев тарихтан сабақ алды» - Ол өзін қазақтың Вашингтоны, қазақтың Ататүркі, тәуелсіз Қазақ елінің қабырғасын қалаушы қайраткер ретінде көретінін ешқашан жасырған емес. Әрісі әлемнің, берісі қазақтың жадында қалуды көздейді дәл осы тұрпатта. Тарихта қалуды мансұқ тұтады ол, тарихтағы рөлі мен орнын айқындап алу үшін де тұғырдан түскен жоқ осы күнге дейін.

QAZAQTIMES.COM. «Украинадағы сайлау: Зеленский мен Порошенко бәсекесі» -Украинадағы президенттік сайлау туралы шолу жасап, халық үшін кинодағы әділ мұғалім ретінде танылған 41 жасар актер Владимир Зеленский өзінің ең маңызды рөлін сайлауда сомдайды дейді.

AZATTYQ.ORG. «Қытайлық қазақ студенттер Түркияны паналауға мәжбүр» - Қытайда туып-өскен бірнеше этникалық қазақ студент екі жылдан бері Түркияда бас сауғалап жүр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі оларға виза беруден бас тартқан.

INFORMBURO.KZ. «"Барымыз да, бағымыз да – тәуелсіздік". Қасым-Жомарт Тоқаев алғашкы сұхбатын қазақтілді журналистерге берді» - Президент өкілеттілігін қабылдағаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы сұқбаты. Мемлекет басшысы республикалық "Egemen Qazaqstan" және "Aıqyn" газеттерінің бас редакторлары Дархан Қыдырәлі мен Нұртөре Жүсіптің сұрақтарына жауап берді.

CAMONITOR.KZ. «Елдің болашағы – қазақ-орыс қос тілдігінде ме?» - Ағымдағы жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жолдаған соңғы жолдамасында болашақ қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді еркін адамдар екеніне сенім білдірді. Саясаткер және тарихшы Николай Осиповпен бірге біз осы болашаққа көз жүгіртуге және Қазақстанның нақты лингвистикалық перспективаларын бағалауды ұйғардық. 

365INFO.KZ «Қазақстанның қай қаласы туристер үшін ең тартымды?» - Нұр-Сұлтан үшін 2017 жыл туризм тұрғысынан сәтті болды. Бірақ елорда көрсеткіштерін ұстап тұра алмады: кірістер, орындардың толтырылуы және клиенттердің жалпы саны күрт төмендеді. Алматы мен Алматы облысында динамика әлдеқайда жақсы.

«Өзбекстан астанасын көшіру ұсынылды, ал Мирзиеев азаматтарды жеке қабылдайтын болады» -  Өзбек президентінің жанында халықты қабылдау бөлмесі ашылады.

«Өзбекстан атом станциясын салып, қандай артықшылықтарға ие болады?» - 2028 жылға қарай елде әрқайсысы 1200 МВт қуатты екі энергоблок салынады. Жоба 19 қазан 2018 жылғы Шавкат Мирзиеев пен Владимир Путиннің келісімімен бастау алды.

«Қырғызстанда қазір басты мәселе экономика емес, билік үшін күрес» - Қырғызстанда алдағы 1,5 жылда басты назар экономикалық мәселелерге емес, саяси түйткілдерге тігіледі. Түркістан бойынша сарапшы анонимдік жағдайда REGNUM АА -ға республиканың саяси асүйінің ерекшеліктері туралы айтып берді.


2 сәуір 2019, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.