Атырау, 28 желтоқсан 01:12
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Аласа бойлы жігіттер мерзімдік әскери қызметке шақырылмайды

3 274 просмотра

Бойы 165 см-ден аласа бозбалалар Қарулы күштер қатарына шақырылмайды, деп қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, штаб басшылары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақов мәлімдеді, деп хабар таратады ҚазТАГ агенттігі.

Әскер қатарына шақырушылар жеткілікті болғандықтан Қазақстанның қарулы күштерінің әскери қызметкерлерінің жаңа келбеті қалыптастырылмақ. Ондағы талаптар бойынша қабылданатын сарбаздардың бойлары құрлықтағы әскерлер үшін 155 см-ден 165-ке, аэромобиль әскерлері үшін 165-тен 170 см-ге дейін өзгерген. Бұдан басқа, егер бұрын медициналық көрсеткіштер жедел әскери қызметке болмашы шектеулермен шақыруға мүмкіндік берсе, қазіргі талап бойынша жауынгердің «дені сау болуы тиіс», - деп хабарлапты ол жұма күні «Казахстанская правда» газетіне.  

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың күзінде жасы 18-ден 27 жасқа дейінгі жастағы борышын өтеуді кейінге қалдыруға немесе шақыртудан босатылуға құқығы жоқ 14 мыңдай жастарды әскер қатарына шақыру жоспарланып отыр.

«Олардың шамамен 6 мыңдайы қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелерінде, ал қалғандары республикалық гвардияда, ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі мен төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікте қызмет ететін болады», - деп атап өтті С. Жасұзақов.

Ол сондай-ақ, қарулы күштер қатарына жоғарғы және орта арнаулы білімі бар жастар жиі шақырыла бастағанын хабарлады.

Шақырту комиссиясының жұмысы қорғаныс істері жөніндегі барлық департаменттерде үстіміздегі жылдың 1 қазанында басталады.

21 қыркүйек 2012, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.