Атырау, 18 желтоқсан 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Қазақстандағы билік транзиті Ресейге үлгі бола ала ма?», «Бүгіннен бастап көп балалы отбасыларға арналған 21 мың теңге туралы заң күшіне енді. Қандай өзгерістер бар?», «Краустың "Ер Төстігі" қазақты адам етін жегіш ұлтқа айналдырмақ па?».

2 850 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстандағы билік транзиті Ресейге үлгі бола ала ма?» - Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстандағы саяси транзиттің жаңа үлгісін көрші елде қайталау ықтималдығын талдаған. Қазақстан тұңғыш президентінің өзін Сингапурдың негізін қалаған Ли Куан Юмен жиі салыстыратынын жазған ақпарат құралдары екі басшы арасындағы айырмашылықтарға тоқталған. 

«Ойыл өзеніндегі балықтың қырылуы және су алған елді мекендер» - Осы аптада аймақ басылымдары ел астанасының атын өзгертуге байланысты ұйымдастырылған қолдау акциясына кейбір қалада жастарды қатысуға мәжбүрлегенін жазды. Жергілікті басылымдар сонымен бірге Жайық өзенінің ізінше Ойыл өзенінде де балық қырылғанын, аймақтарда кейбір елді мекендерді су басқанын хабарлады.

«Диализге мұқтаж жандар дәрі тапшылығына шағымданады» - Диализге мұқтаж жандар соңғы екі айдан бері қажетті дәрі-дәрмексіз қалып, денсаулықтары нашарлағанын айтады. Олар мемлекеттен тегін берілетін дәрі мөлшері азайғандықтан "сүйегіміз жұмсарып, құлап қалатын жағдайға жеттік" деп шағымданады. Денсаулық сақтау министрі "жылда қайталанатын проблеманы" шешу жолдары қарастырылып жатқанын хабарлады.

ABAI.KZ. «Краустың "Ер Төстігі" қазақты адам етін жегіш ұлтқа айналдырмақ па?» - Еліміздің кино саласы тұсалған аттай тұралап, мүлде дами алар емес. Әуесқой режиссерлер мен әнші-сайқымазақтар түсірген фильмдер әлемдік деңгейді қойып, елдегі есті көрерменнің көңілінен шықпайды. Ал 52 жылдық тарихы бар қазақ анимациясы жайлы айтудың өзі қиын. Бірен-саран тәуір өнімді айтпағанда көп сандысы баланың ойыны, бақсының жыны ғана...

INFORMBURO.KZ. «Бүгіннен бастап көп балалы отбасыларға арналған 21 мың теңге туралы заң күшіне енді. Қандай өзгерістер бар?» - "Атаулы әлеуметтік көмек" туралы заң Президент әкімшілігіне жіберілді. Әлі қабылданбаса да, күшіне енеді. Жіліктеп түсіндірейік.

«Ер қаруы – бес қару. Ұлттық ойын арқылы бес қаруды насихаттау қажет» - Қазақ аттың қомында бес қаруын қолдан түсірмей, жерінің бүтіндігін, елдің амандығын қорғай алған. Қаруды қолдануды да, одан қорғануды да жақсы меңгерген. Қару-жарақ зерттеушісі тарихшы-ғалым, этнограф Қалиолла Ахметжан қару-жарақ түрлерін топтаудың қалыптасқан дәстүрлі жүйесі бар дейді. Оның айтуынша, әр қарудың өз орны, атқаратын қызметі мен қолдану жолы бар.

QAZAQTIMES.COM. «Еуропа: 10 жылдық хаос» - BBC2 телеарнасының тапсырысы бойынша «Еуропа: 10 жылдық хаос» атты деректі фильм түсірілді. Үш бөлімнен тұратын фильмде Еуропадағы соңғы он жылда орын алған үш басты дағдарыс: «Brexit», Грекиядағы құлдырау және көші-қон мәселесі көрсетіледі. Фильмде Еуропаның жетекші көшбасшылары, саясаткерлері мен олардың серіктестері аталған мәселелер турасында ашық пікір білдірген. 

TURKYSTAN.KZ. «Әнші Әбдіжаппардың басы неге дауға ілікті?» -  «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші наурыз айы аяқталуға таяған шақта жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа отандық телеарнаның біріне сұхбат беріп, ата тегіне қатысты біршама ойын ортаға салды. Көпке түсінікті болу үшін әңгімені әріден тарқатсақ. Әбдіжаппар көп сұхбаттарында «мені түрік, өзбек ұлтының азаматы деп ойлайтындарға «мен қазақпын, тегім қожа» деп айтудан шаршадым» деп жүр. 


1 сәуір 2019, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.