Атырау, 28 желтоқсан 00:58
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Грузия ІІМ басшысы түрмедегі азаптаумен байланысты жанжалдан кейін қызметінен кетті

1 960 просмотра

Грузияның Ішкі істер министрі Бачо Ахалая №8 Глдан түрмесіндегі қамауға алынғандарды азаптау жайлы бейнежазбалар БАҚ-та жарияланғаннан кейін шыққан жанжалдан соң өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы грузин БАҚ-тары хабарлады.

Б.Ахалая бұл қызметке 2012 жылдың маусымында келген болатын. Ішкі істер министрлігінің жаңа министрі болып Екатерина Згуладзе тағайындалды.

Бұл өз еркімен қызметінен кеткен екінші министр. Бұдан бұрын Грузияның жазалау, пробация және заңдық көмек министрі Хатуна Калмахелидзе өз орнын босатқан еді.

Естеріңізге саламыз, қамауға алынғандарды жазалау жайлы жарияланған кадрлар грузиялықтардың наразылығын туғызған еді. Көптеген қалаларда тұрғындар кінәлілер жауапкершілікке тартылсын және жазасын өтеушілерге жасалып жатқан әділетсіздіктер тоқтатылсын деген талаппен көшелерге шықты.

Қылмыстық істі тергеу аясында Грузияның жазалау, пробация және заңдық көмек министрлігінің, ІІМ ондаған қызметкерлері ұсталды. Абақтының директоры Давид Чкадуа да қамауға алынды.

Грузия президенті Михаил Саакашвили халыққа арнайы үндеу жолдады. Ол Глдан түрмесінде орын алған жайтты «адамгершілікке жат жан түршігерлік оқиға деп бағалады» және қылмысқа қатысы бар барлық қызметкерлер жұмыстарынан босатылады деп уәде етті. М.Саакашвили азаптаушылар «ұзақ жылдарға түрмеге жабылады» деп бұқараны сендірді.

Сонымен бірге мәлім болғанындай, Глдан түрмесінің бұрынғы қызметкері Владимир Бедукадзе журналистерге бейнежазбаны бергені үшін материалға тапсырыс берушілерден 2 млн доллар алған.

Қазіргі уақытта В.Бедукадзе Брюсселде, ол өзіне және отбасына Бельгиядан саяси баспана сұрап отыр.

Дереккөз: bnews.kz

21 қыркүйек 2012, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.