Атырау, 24 қараша 16:23
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанның президент істері басқарушысы және Есеп комитетінің басшысы мәжіліс депутаттары болып сайланды

2 440 просмотра

АСТАНА, 21 қыр-Қазақстан жаңалықтары АА. «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының Орталық аппаратында партияның Саяси кеңес Бюросының кеңейтілген жиынында Мәжіліс депутаттарының «Нұр Отан» партиясынан бос қалған мандаттары бірауыздан Серік Үмбетовке және Омархан Өксікбаевқа берілді деп мәлімдеді жұмада «Нұр Отанның» хатшысы  Ерлан Карин.

Бюро қарауына бір ғана мәселе, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі бос қалған орындар бойынша «Нұр Отан» партиясы депутаттарының мандаттарын беру енгізілді.

Яғни, партиялық тізім бойынша сайланған екі мәжілісмен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты өз өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Атап өтер болсақ, Бақтықожа Ізмұхамбетов - Атырау облысының әкімі қызметіне, Жақып Асанов - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Серік Үмбетов  2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы президент істері басқармасын басқарды.  Омархан     Өксікбаев – Қазақстанның есеп комитетінің басшысы.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

21 қыркүйек 2012, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.