Атырау, 29 қараша 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Төрт адам өлтірілді. Полицияға шабуыл жасағандарды ұстауға бағытталған арнайы операция аяқталды (толықтырылды, +ФОТОСУРЕТ, +Бас прокуратураның 2 хабарламасы)

4 701 просмотра

Оқиға орнынан тілшіміз Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ хабарлағандай, шамамен сағат 8.30-да қала шетіндегі жаңа «Көктем» ықшамауданында (Атырау қаласынан бірнеше шақырым қашықтықта Жайық өзенінің сол жақ жағалауында қарқынды жеке тұрғын үйлер құрылысы жүріп жатқан бұрынғы саяжай массивінде) бірінен соң бірі 5 күшті жарылыс орын алды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар алғашқы атыс дыбысын таңғы сағат 6-да естіген, содан кейін электр энергиясы ажыратылып қалған. Қазір жағалауға жақын орналасқан жеке тұрғын үйлерге өту мүмкін емес, оларды қоршап қойған. «Көктем» ықшамауданына тағы бірнеше автобуспен полицейлер келді. Қазіргі уақытта – жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 15 минутта арнайы операция аяқталды. Өйткені арнайы жасақ сарбаздары отырған БТР мен полицей басшылығы кетіп қалды.

Бейресми ақпарат бойынша, арнайы операция барысында жақын арада полицей патрулі мен Атырау қаласының ІІБ-нің ғимаратына шабуыл жасаған төрт күдікті өлтірілген. Олардың денелері оқиға орнынан әкетіліпті. Біздің тілшілеріміз редакцияға келе жатыр, олар жинақтаған ақпарат пен фотосуреттер, бейнематериалдар кешікпей жарияланатын болады.

 

Бас прокуратураның баспасөз ақпараты

2012 жылғы 20 қыркүйекте Атырау қаласы маңында орналасқан «Көктем» бағбандық алабындағы үйлердің бірінде құқық қорғау органдары 15 қыркүйекте полицияның патрульдік-бекеттік қызмет батальоны қызметкерлеріне және Атырау қаласының Ішкі істер басқармасына қарулы шабуыл жасады деп күдіктелген тұлғаларды анықтады.

Осыған байланысты, 8 сағат 30 минутта (21 қыркүйекте таңертең - "АЖ") көрсетілген жерде залалсыздандыру мақсатында терроризмге қарсы операция жарияланып, жүргізілуде. Оны өткізу аймағында ерекше құқықтық режим енгізілді, жақын тұрған үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.

Арнайы операцияның нәтижелері қосымша хабарланады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпарат (21 қыркүйек 2012 жыл)

2012 жылғы 20 қыркүйекте Атырау қаласы маңында орналасқан «Көктем» бағбандық алабындағы үйлердің бірінде құқық қорғау органдарымен қыркүйектің 14-нен 15-не қараған түні орын алған полицияның патрульдік-бекеттік қызмет қызметкерлеріне және Атырау ҚІІБ-ның ғимаратына қарулы шабуылды жасады деп күдіктелген 4 тұлға анықталды.

Осыған байланысты, бүгін 8 сағат 30 минутта көрсетілген жерде оларды залалсыздандыру мақсатында терроризмге қарсы операция жарияланып, жүргізілді.

Оны өткізу аймағында ерекше құқықтық режим енгізілді, жақын тұрған үйлердің тұрғындарды эвакуацияланды.

Берілу жөніндегі ұсынысқа олар қарсылық білдіріп, оқ ату қаруларымен арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарай ата бастады.

Терроризмге қарсы операция нәтижесінде қарулы қарсылық көрсеткен тұлғалардың төртеуі де жойылды.

Бейбіт тұрғындар арасында құрбандар мен жәбірленгендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға болған жерден бірнеше дана қару мен оларға оқ-дәрілер, жаңғыш сұйық қоспасы бар шөлмектер, қолдан жасалатын жарылғыш заттардың компоненттері табылып, алынды.

Оқиға болған жерді қарау, сондай-ақ басқа да шұғыл тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралардың жүргізілуі жалғастырылуда.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

21 қыркүйек 2012, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.