Атырау, 2 желтоқсан 01:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Репетитор сағаты

4 736 просмотра

Егер бұрын репетиторға мектеп бағдарламасынан қалыс қалып қойған балаларды жіберетін болса, енді оны өз баласы үшін жалдамау жараспайтын қылық деп есептеледі. Әдетте, оның  қызметі сағатпен төленеді.

ОРНЫҚСЫЗ АТА-АНА

«Осы үй тапсырмасын орындағанша, жүйкем жұқарып бітеді!» - дейді көбінесе жас аналар оқу жылы басталғанда.

– Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары көбінесе өз балалары бір орында отыра алмайтындықтан репетиторға жүгінеді. Ата-аналардың өздерінің де балаларымен бірге үй тапсырмасын орындауға шыдамдары жетпейді, - дейді бастауыш сынып оқушыларының репетиторы Оксана. – Бір өкінтетін тұсы, бүгінгі күні көпшілігіне баласымен сабақ орындау үшін жүйкесін жұқартып, уақытын кетіргеннен гөрі, ақша төлеген жеңілге түседі.

Жеке сабақ беретін педагогтардың байқауынша, оларға үй-ішінде орысша сөйлесіп, ал баланы қазақ тілді мектепке берген (немесе керісінше) ата-аналар жиі хабарласады екен.

– Мұндай жағдайларда балалар оқу процесінде қиналып, ата-аналарынан лайықты көмек ала алмайды, - дейді Оксана. – Тілдік кедергіні және оқу кезінде қалыс қалған кемшіліктерді жоюды репетиторларға тапсырады.

Олардың қызметі бастауыш мектеп оқушылары үшін – сағатына - 800-1 000 теңгеге бағаланады.

Балалардың оқу-демалыс орталықтарының көбейіп жатқанын айта кеткен жөн. Бұл жерге балаларды мектептегі сабақтардан кейін әкеледі. Айына 20-30 мың теңгеге педагогтар балалармен бірге үй тапсырмаларын орындап, шығармашылық сабақтарын өткізеді.

 

ҰБТ ТУРАЛЫ ҰМЫТПА

Бүгінде жоғарғы сынып оқушыларын мектеп бітіру емтихандарына дайындай алатын жеке педагогтар көп сұранысқа ие.

– Егер бұрын алдағы ҰБТ туралы ата-аналар мен балалар тестілеуге бірер ай қалғанда ғана естеріне алатын болса, енді қазір бұл мәселеге анағұрлым жауапкершілікпен қарайтын болған, - деп әңгімелейді ҰБТ-ға дайындаушы репетитор Баян. – Уақыт жеткілікті болғандықтан, мен балалар білімдерінің қалыс қалған жерлерін толтырып, содан кейін ғана оларды тестілеуге дайындауға кірісе аламын. Баланың да осындай жүйеленген жұмыс барысында өзіне деген сенімділігі пайда болады. Сондықтан ҰБТ кезінде олар үлкен күйзеліске ұшырамайды және жеткілікті жоғары балл жинайды.

ҰБТ-ға дайындаушы репетиторларға қойылған сауал нәтижесі оларда клиенттер қысқы уақытқа қарай көбейетінін көрсетті. Қызмет құны сағатына 1000-нан 1500 теңгеге дейінгі аралықта болады.

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ҚАЛМАЙДЫ

– Егер бұрын ағылшын тілін білу артықшылық болса, бүгінде бұл қажеттілікке айналды, - деп есептейді ата-аналар балаларын ағылшын тілінен қосымша білім алуға жіберген кезде.

Осы пән бойынша репетиторлар зор сұраныста.

– Балалар тек грамматиканы үйреніп, үй тапсырмасын орындау үшін ғана келмейді. Ең алдымен,сөйлеу тілін дамытуға келеді, - дейді 13 жыл репетиторлық өтілі бар Сандуғаш. – Көпшілігіне мектеп бағдарламасы жеткіліксіз. Көп жағдайда ата-аналарының талабы бойынша емес, балалардың өздерінің тілді үйренуге қызығушылық танытатындығы қуантады.

Бір қызығы, бүгінде ағылшын тілінің репетиторларына тіпті мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерді де әкеледі екен. Олар үшін оқытудың жеке әдістемесін жасақтайтын көрінеді.

Қызмет ақысы бойынша (сағатына 1200-2000 теңге) олардан қазақ тілінің репетиторлары кем түспейді. Мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндер жылдан жылға көбейіп жатыр. Олардың арасында оқушылармен қатар студенттер де, ересек адамдар да бар.

Жақсы репетиторлар іздеуге қатысты тәжірибелі ата-аналардан бірнеше кеңес:       Таныстар арқылы тапқан жақсы. Бірінші кездескен кезде репетитордан дипломын және еңбек кітапшасын сұрау керек. Жетістіктері туралы білу үшін оның бұрынғы оқушыларының байланыс деректерін сұрау қажет. Жақсы репетитор өз бағасын біледі, арзанға жүгірмеген жөн. Ол сиқыршы емес. Егер сіз өз балаңызды сабаққа ден қоюға бағыттамасаңыз, тіпті ең тәжірибелі және қымбат тұратын репетитордың өзі көмектесе алмайды.

НАҚТЫ ПӘНДЕР ДЕ ҚАЖЕТ

Химия, физика, математика, биология пәндері бойынша репетиторлар қызметіне мұндай көп жүгінбейді екен.

Гуманитарлық бейімде оқитын оқушыларға нақты пәндер қиынға түседі. Аттестаттарын бүлдірмес үшін ата-аналар қосымша сабақтар қажет деп есептейді, - дейді репетитор-физик Ғазиз.Мектеп бағдарламасына қарағанда, пәнді терең оқығысы келетін балалардың өздері де жиі келеді.

Бұл қызметтің құны – сағатына 700-1 000 теңге.

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 қыркүйек 2012, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.