Атырау, 22 қараша 11:11
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Ғалымдар жер бетіндегі ең ежелгі халықты анықтады

5 403 просмотра

Африканың оңтүстігін мекендейтін Койсан халқы жалпы адамзат тіршілігінен шамамен 100 мың жыл бұрын ажырап қалған. Оларды жер бетіндегі ең ежелгі тайпа деуге де осы себеп болып отыр.

Койсан халқы африкалық тайпалардың шағын тобын құрайды. Олардың қатарына ОАР мен басқа да оңтүстікафрикалық мемлекеттерді мекендейтін аңшы-бушмендер мен малшы-готтентоттар жатады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Койсан тілдерінің көршілес тайпа тілдеріне ұқсамайтындығы соншалықты, ол тілдің шығу тегі адамзат тарихының қызықты құпияларының бірі болып саналады.

Упсалы университетінің (Швеция) қызметкері Карина Шлебуштың жетекшілігімен бір топ генетик қойсан тайпаларының ДНК-сын көршілерімен салыстыра отырып, койсандықтардың жалпы адамзат тіршілігінен адамдар Африкадан жаппай көшкенге дейін ажырап қалған деген шешім шығарды.

Дереккөз: 1tv.kz

21 қыркүйек 2012, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.