Атырау, 28 желтоқсан 01:13
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қаржы полициясы ҚазҰУ проректорына қарсы қылмыстық іс қозғады

2 399 просмотра

АСТАНА, 21 қыр- Қазақстан жаңалықтары АА. Әл-Фараби атындағы  қазақ ұлттық университетінің экономикалық және өндірістік мәселелер бойынша проректоры қаржы полициясының оған қатысты қылмыстық іс қозғауына байланысты қызметінен босатылды деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.


«20 қыркүйек, 2012. Министрдің м.а. М.К. Орынхановтың 2012 жылғы 19 қыркүйектегі №151-НС бұйрығымен Евгений Александрович Ан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры лауазымы міндетін орындаудан шеттетілді»,-делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, негіздеме Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Алматы қаласы бойынша департаментінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі қылмыстық іс қозғау және өз өндірісіне қабылдау туралы қаулысы болып табылады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 

21 қыркүйек 2012, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.