Атырау, 13 желтоқсан 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

«Арқанкергенде» қаза тапқан шекарашылардың туыстары, олардың денелерін эксгумацияласын деп талап етуде

1 945 просмотра

АЛМАТЫ, 20 қыр – Қазақстан жаңалықтары АА. «Арқанкерген» бекетінде қаза тапқан шекарашылардың туыстары қосымша сапартамаларды жүргізу үшін олардың денелерін эксгумацияласын деп талап етуде, деп хабарлады бейсенбідегі баспасөз конференциясында кісі өлтірді деген айып тағылған Владислав Челахтың атасы -  Владимир Челах.

Мамырдың аяғында шекара жасағы «Арқанкерген» шекара заставасының өртенген ғимаратын анықтады. Онда 15 адамның денесі, соның ішінде 14 шекарашы мен аңшының денесі табылды. Соңғы шекарашы қарағандылық Владислав Челах тауда жүрген жерінен қолға түсті. Тергеу деректері бойынша, Челах қызметтестерін және қорықшыны өлтіріп, кейін шекара бекетін өртеп жіберген. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға себебі «ішкі дау-жанжал және оның санасының түсініксіз жағдайы» болған. Шілде айының соңында шекарашы Владислав Челах «Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтірді деген айып бойынша берген түсініктемесінен бас тартты


«Көпшілік ата-аналар жерлеудің нәтижелерімен келіспейді, эксгумация жасауды талап етіп отыр», - деді Владимир Челах Алматыда.

«Оларға (туыстарына) барлық жерде басқа адамдар жерленді деп айтып жүр, олар Бас прокуратураға жүгінген, оларға рұқсат бермеген, өйткені тергеу аяқталғанға дейін ондай ешқандай шара жасауға болмайды», деп түсіндірді ол.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

20 қыркүйек 2012, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.