Атырау, 18 желтоқсан 23:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Қазақстанның болашақ президенті: кімнің мүмкіндіктері көбірек?», «Әкімдердің жұмысын кім және қалай бағалауы керек?», «Сайрагүл Сауытбай: "Менің тағдырым ойыншық болып қалды"», «Орта Азиядағы Ресей мен Қытай бәсекесі: Алатау асқан Путиннің мақсаты не?».

2 944 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Ақпаратқа зәру, киімі тозған". Арон Атабектің түрмедегі жағдайы» - Павлодардағы тергеу изоляторында жатқан диссидент Арон Атабекпен кездескен құқық қорғаушы Елена Семенованың айтуынша, тұтқын "ақпаратқа зәру", оның хаттары жолдаған жеріне жетпейді, өзіне хат келмейді. Атабек тозған киімін жамап-жасқап киюге мәжбүр. Түрме басшылығы бұл деректі терістейді. 

«Сайрагүл Сауытбай: "Менің тағдырым ойыншық болып қалды"» - Наурыздың 28-і күні түстен кейін Талдықорған қалалық сотында Шыңжаңда туған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың Алматы облыстық көші-қон қызметі басқармасының жанынан құрылған комиссия үстінен түсірген талап-арызы бойынша сот процесі қайта жалғасты. Шағым беруші жақ соттан шешімді заңсыз деп тануды, Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беруді сұрап отыр.

«Билік партиясы екіге жарылды. Соңы не болмақ?» - Қырғызстан парламентінде саяси көпшілік болып отырған Социал-демократиялық партиясы бір жылға созылған ырың-жырыңнан соң ақыры екіге ажырап тынды. Бірінің басында – қазіргі, екіншісінің басында – бұрынғы президент тұр.

 QAZAQTIMES.COM. «Орта Азиядағы Ресей мен Қытай бәсекесі: Алатау асқан Путиннің мақсаты не?» - Ресей президенті Владимир Путин бір күннің ресми сапармен қырғыз елінде болып қайтты. Ресей басшысын қырғыз президенті Соронбай Жиенбеков (Сооранбай Жээнбеков) «Манас» әуежайынан күтіп алды. Сонымен, бұл сапардың мәні не? Путиннің Алатау асып қырғызға баруындағы мақсаты не? 

TURKYSTAN.KZ. «Украинадағы сайлау: Порошенко, Тимошенко  және  басқалар...» -  Украинада 31 наурызда кезекті президент сайлауы өтеді. 5 жылда бір рет өткізілетін бұл сайлауға 38 үміткер тіркелді. Оның әзірге бесеуі ғана белсенділік танытуда. Ал елді басқаратын президент сайлаудың екінші кезеңінде анықталады. Осыдан бес жыл бұрын Президент ретінде таңдалған «кәмпит королі» Петр Порошенконың да билікке келуі оңай болған жоқ. 

SPUTNIKNEWS.KZ «Ұстауға және қамауға болмайды: Назарбаев пен отбасы қандай» - Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың заңды қызметіне кедергі жасауға, қадір-қасиетіне қол сұғуға, жауапқа тартуға болмайды.

«"Қамығып отырмыз": Түркиядағы қазақтар Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады» - Түркиядағы түрлі қауымдастық өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметтен кетуін қандастардың қалай қабылдағанын жеткізді.

AIKYN.KZ. «2019 жылғы екі сессия: Қытай неге зер салады?» - Жақында Бейжіңде 13 Қытай Халықтық Саяси Консультативтік Конференциясының екінші жиналысы және ХІII жалпыұлттық Халықтық Конгресінің екінші отырысы сәтті өтті. Жыл сайынғы екі сессия – қытайлықтардың саяси өміріндегі басты оқиға ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлем үшін Қытайды түсіну үшін маңызды терезе.

CAMONITOR.KZ. «Әкімдердің жұмысын кім және қалай бағалауы керек?» - Енді Қазақстанда алдағы уақытта облыс әкімдерінің жұмысы бағаланатын басты критерийі, мінеки, осындай болмақ – азаматтардың өмір сүру сапасы. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттіктен кетуіне бірнеше күн қалғанда, әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеген болатын. Және оның мұрагері Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы жұмыс сапарында жергілікті басшыларға арнап айтылған сөзінде «халықпен күн сайын жұмыс істеу керек» деп атап өтті.   

«Қазақстанның болашақ президенті: кімнің мүмкіндіктері көбірек?» - Сонымен, «икс сағаты» келді: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде мемлекет басшысының өкілеттілігін өз мойнына алып отырғанын және елімізді жаңа президент сайлауы күтетінін хабарлады. ҚР Конституциясына сәйкес, сайлау тек 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс болса да, біз осы жағдайды пайдалана отырып, бүгіннің өзінде елдегі жоғары лауазымға неғұрлым ықтимал үміткерлерді іздеуде билік элитасына «көз жүгіртіп шығуды» шештік.


29 наурыз 2019, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.