AZATTYQ.ORG. «Билік транзиті тұсында мемлекеттің "полициялық болмысы" күшейді ме?» - Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін тоқтатқаннан кейінгі алғашқы апта ел астанасын "ұлт көшбасшысы" құрметіне атауға наразыларды басумен ерекшеленді. Сарапшылар билік транзиті жүріп жатқан өтпелі кезеңде мемлекеттің "полициялық болмысы" күшейтілгенін айтады.
QAMSHY.KZ. «Билік банк саласын өз еркіне жіберетін болса, шетелдіктер сатып алып, нарықты жаулап алады» - Кеше Ресейдің Макроэкономикалық сараптау және қысқамерзімді болжамдар ұсыну орталығының мамандары биылғы 2019 жылы Ресейде 150-ге жуық банктің банкротқа ұшырауы әбден мүмкін екенін мәлімдеді.
«Кімге сенеміз, қай Президентке қараймыз?!» - Мемлекет - біреу. Елде - екі президент. Наурыздан кейінгі көңіл күй әлі елең - алаң. Алдағы екі -үш ай кімнің кім екенін анық көрсетер.
«200-ден аса адамның жанын қиған тарихтағы ең ірі теракт» - Соңғы жүзжылдықтың ішіндегі ең ірі терактінің бірі 1925 жылы 16 сәуірде Болгария астанасы София қаласында коммунистердің ұйымдастыруымен орын аллды. Ресми деректер теракт жоспарының алдын ала Мәскеуде құрылғанын айтады, алайда орыстілді уикипедия теракт ұйымдастырушылары жайлы бір ауыз сөз жазбаған.
INFORMBURO.KZ. «Несие тарихы. Жұмыс берушіге не үшін керек және оны қалай алады?» - Бірінші несие бюросының басшысы мәліметтерді беру рәсімі қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып береді.
AIKYN.KZ. «Жастарға бөлінген 24,6 млрд теңге қайда жұмсалады?» - Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына арналған толықтырулар мақұлданды. Бұл құжат жастардың табысты әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасауға және оның әлеуетін елдің одан әрі дамуына бағыттауға ықпалын тигізеді.
CAMONITOR.KZ. «”Алаш-Орда”: қазақ халқының қаһармандары ма әлде сәтсіз саясаткерлер ме?» - ХХ ғ. Қазақстанның саяси тарихында көптеген «ақ дақтар», дәлсіздіктер, ал кейде тіпті идеологиялық құрастырулар да орын алады. Әсіресе бұл екі ресейлік революция кезеңіне және олардың соңынан болған қан төгілген азаматтық соғысқа қатысты.