Атырау, 19 желтоқсан 00:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Тілшілер жұмысына кедергіні кім ұйымдастырды?», «Астана атын өзгертуге қанша қаражат керек?», «Путин Назарбаевтан үлгі ала ма?», «Дос Көшім: “Қазақ қоғамына қайсар басшы керек”», «БТА банкі Трамптың бұрынғы серігіне қарсы шағым түсірді».

2 796 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Путин Назарбаевтан үлгі ала ма?» - Осы аптада Батыс басылымдары Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттіктен кеткен мәлімдемесі туралы жазды. Халықаралық басылымдар “Путин Назарбаевтың сценариін қайталай ма?” деген сауалға да жауап іздеді.

«Астана атын өзгертуге қанша қаражат керек?» - Осы аптада аймақ басылымдары Наурыз мейрамын тойлау кезінде полицияның азаматтарды ұстауын, Астана атауы мен елдегі бірқатар көше аттарының өзгеруі мәселесін талқылады.

«Қырғызстандағы "Қызғалдақ революциясы": 14 жылдан соң» - 2005 жылы 24 наурызда Қырғызстанда халық көтеріліп, мемлекетті 15 жыл басқарған Асқар Ақаев елден кетуге мәжбүр болды. Тарихта "қызғалдақ революциясы" деген атпен қалған оқиғаға сарапшылар жан-жақты баға беруге тырысып келеді.

«Тілшілер жұмысына кедергіні кім ұйымдастырды?» - Бүгін Астана уақытымен сағат 15:00-де AzattyqLIVE тікелей эфирінде 22 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Азаттық журналистерінің жұмысына жасалған кедергілер мәселесі "Әділ сөз" журналистер құқығын қорғау ұйымының сарапшысы Ғалия Әженовамен бірге талқыланады.

«БТА банкі Трамптың бұрынғы серігіне қарсы шағым түсірді» - "Он жылдан астам уақыт бұрын ұрланды" деген активтерін қайтаруға күш салып жатқан қазақстандық БТА банкі АҚШ-та жаңа шағым түсірді. Банк өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы серіктерінің бірін айыптап, Мәскеудегі Трамп мұнарасының жобасына ұрланған қаржыны инвестиция ретінде салмақ болды дейді.

«Жазушылар авторлық құқығын неге мемлекетке сатады?» - Мәдениет және спорт министрлігі жазушыларды «қолдау мақсатында» жаңа шығармаларды қолжазба күйінде сатып алуға көшті. Бірақ сатып алынған жазбалардың авторлық құқығы жазушы өмірден өткеннен кейін 70 жылдан соң ғана мұрагерлеріне қайтарылады. Министрліктің бұл талабына кейбір жазушы қарсы шыға бастады.

«Назарбаев Тоқаевтың ойын оқып отырады» - 20 наурызда ант қабылдап, президенттікке кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаттағы салмағы қандай болады? Сарапшылар пікірі.

«Тоқаев қызметіне кірісе сала Конституциядағы қайшылық көрінді» - Астана атауын Нұрсұлтан деп референдумсыз өзгерту қаншалықты заңды? Тоқаевтың президент ретіндегі өкілеттіктерін түгел пайдалануы мүмкін бе? Азаттық сарапшы заңгерлердің пікірін білді.

CAMONITOR.KZ. «Қазақстандағы қайта атаулармен байланысты қақтығыстарды болдырмау үшін не істеу қажет?» - Қазақстанда елді мекендер мен көшелерді жаппай қайта атау ұлтаралық қатынастар саласындағы басты тітіркендіргіштердің бірі болып табылады. Бірақ ономастикаға жауапты адамдарды бұл мәселе аз алаңдататын көрінеді. Олар жиі кезде қоғамдық пікірді мүлдем есепке алмастан, қалыптасқан атауларды жаңа атауларға өзгертуді жалғастыруда. Біз сарапшылардан осы жұмыстың қандай принциптерге сүйену керектігін және осы негізде туындайтын жанжалдарды, соның ішінде ұлтаралық қақтығыстарды болдырмаудың жолдары жөнінде ойланып көруді өтіндік.  

DALANEWS.KZ.  «Дос Көшім: “Қазақ қоғамына қайсар басшы керек”» - Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатып, өз еркімен қызметінен кетті. Бұл сөз жоқ, еліміздегі айтулы саяси оқиға десек артық айтқандық болмас еді. Осы ретте белгілі саясаткер Дос Көшім мырзаға көпшіліктің көкейіндегі бірнеше сұрақты қойып, жауап алдық.


26 наурыз 2019, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.