ABAI.KZ. «Дос Көшім. "Бәріміз де шпионбыз!"» - Мен ұлттық бағытта жүрген азаматтарды шпиондар мен толық және жартылай сатылғандар, ұлттық қауіпсіздік комитетінің агенттері мен Қытай, Ресей және АҚШ тыңшылары деп атаймын. Менің бұл сөзіме таңырқап қалмаңыздар. Бүгін мен «Азат» қозғалысы дүрілдеп тұрған 1991-1992 жылдардан кейін қазақтың қоғамдық күштерінің басы қосылмай жүрген басты ауруы туралы кеңірек айтқым келеді.
«Қалған қазақ пен қашқан қазақтың тағдыры» - Жетпіс-сексен жылдан кейін туысын тапқан, туған жеріне қайтқан... осындай тағдыр қазақта өте көп, басқа халықтарда ондай шетін нәрсенің бар-жоғын білмеймін. Содан өзім куә болған көптеген жағдайлардан қызықтырақ екеуін өте қысқаша баяндайын.
AZATTYQ.ORG. «Қырым түбегі Қазақстанның көпвекторлы саясатына сын болды» - Осыдан бес жыл бұрын, 2014 жылы наурыздың 18-інде Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырым автономиялық республикасының өзіне қосылғанын ресми түрде жариялады. Қазақстан ресми түрде Қырымды Ресей аумағының бөлігі деп таныған жоқ, бірақ бұл мәселе халықаралық деңгейде талқыланғанда көбіне Ресейді қолдап шықты.
«"Алдап-арбап, сендірді". Серікжан Біләшқа "қысым" жасағанын айтады» - Тіркелмеген "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің адвокаты "араздық қоздыру" айыбы тағылып үйқамақта отырған белсендіге "қысым" жасалғанын мәлімдеді. Ішкі істер министрінің орынбасары "қысым" жайлы естімегенін айтты. Құқық қорғаушылар Астананы Біләшті босатуға шақырды.
«Азаптау, саяси тұтқындар мен цензура» - АҚШ үкіметі наурыздың 13-інде жариялаған Адам құқықтары туралы жылдық есепте Қазақстандағы саяси тұтқындар, сөз еркіндігін шектеу мен кәсіподақтар жайы сипатталады. Есепті таныстырған АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Шыңжаңда қамалған қазақтар жайлы да айтты.
«Назарбаев режимі азаматтардың бостандығын шектеп отыр» - 14 наурызда Еуропарламент Қазақстандағы адам құқықтары мәселесі туралы резолюция қабылдады. Депутаттар елдегі адам құқығы жағдайының нашарлап бара жатқанына алаңдайды.