Атырау, 27 желтоқсан 16:54
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бангладеш Пәкістаннан кейін YouTube-ке тыйым салды

1 959 просмотра

Фото дереккөзі: digg.comYouTube бейнепорталына Бангладеш Республикасының аумағында да тыйым салынды. Себеп - «Невинность мусульман» атты дау-дамайға толы фильм.

«Үкімет сайтты жабуды бұйырды, енді адамдар ислам әлеміндегі жаппай наразылыққа себеп болған «Невинность мусульман» фильмін көре алмайды», - деген жергілікті басылымдағы жазбадан дәйексөз келтіреді ИТАР-ТАСС.

Айта кетейік, бұған дейін Бангладеш үкіметі YouTubeсайтының иесі Googleкомпаниясына хат жолдап, бұл бейнежазбаға Египет, Ливия, Индонезия және Үндістандағыдай Бангладеш аумағында да тыйым салу туралы өтініш білдірген.

Естеріңізге салайық, Бангладешпен бір уақытта Пәкістан да порталға кіруге тыйым салған болатын. Себеп – антиисламдық фильмнің таралуы.

1tv.kz

18 қыркүйек 2012, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.