Бұл туралы «Экспресс К» газеті бүгінгі санында жарияланған «Нескромное обаяние буржуазии» атты мақаласында жазады.
Клуб АҚШ-та VIP-тұлғаларға қызмет көрсету үшін құрылған болатын. Онда байлығына қарай төрт деңгей қалыптасқан. Алғашқы деңгейге 100 мыңнан 1 млн. долларға дейінгі активі барлар жатады. Ал ең жоғары деңгейге 15 млн. доллардан асатын байлық иелері кіреді.
Ең қызығы, байларға арналған клубтың ең негізгі қызметі - байларға үнемдеуге көмектесу. Клуб мүшелеріне қонақ үйлерде президенттік нөмірлерді брондауда, яхта мен ұшақтарды жалдауда, әлемдегі ең танымал мейрамханаларда үстелді дайындап қоюда, шаңғы курортында демалуда және тағы басқа көптеген қызметтерде жеңілдіктер қарастырылады.
Сондай-ақ, тек клуб мүшелері ғана стратосфераға жеңілдікпен ұшу құқығына ие болады. Және олар Багам аралдарының көші-қон заңдарын жақсы білетін әккі заңгерлермен, сәулетті сарайлар мен дәулетті қамалдарды қолдан-қолға өткізіп үйренген риелторлармен таныса алады.