Атырау, 24 қараша 21:09
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сот Дәукенов пен Жантеміровті қамауға алуға санкция берді

3 962 просмотра

17 млн теңгеге сатылған облыстық әкімдіктің жалғамасыҚалалық сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ пен облыстық қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТІ қамауға санкция берді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 4-тармағы бойынша («Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану») Б. Дәукенов пен Б. Жантеміровті қамауға үстіміздегі жылдың 14 қыркүйегінде санкция берілген.

Әзірге бұл істе екі факт қарастырылған. Бұл мемлекет меншігіндегі екі нысанды – халық арасында «аппендикс» деп аталып кеткен облыс әкімдігінің жалғамасын және «Атырау-Ақпарат» КМК ғимаратын төменгі бағамен сату.

 

231 млн теңгеге сатылған, құны 707 млн теңге тұратын "Атырау-Ақпарат" КМК ғимараты

Соңғы ғимараттың баланстық құны 707 млн теңге құраған, ал ол 231 млн теңгеге үш есе арзан бағаға сатылыпты. Мемлекеттік кәсіпорынды жалға берген бірінші жылда жаңа қожайын 120 млн теңге бюджет қаржысын алған. Баланстық құны 159 млн теңге, нарықтық құны 164 млн теңге болатын облыстық әкімдік жалғамасы 17 млн теңгеге жекешелендірілген.

Естеріңізге салсақ, Дәукенов 2008 жылдың қазанынан бастап 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ отставкасынан кейін Дәукенов облыстың жаңа әкімінің орынбасарларының бірі боп тағайындалды. Алайда бірнеше күннен кейін отставкаға кетті.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

17 қыркүйек 2012, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.