Атырау, 19 желтоқсан 00:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Латын қаріпті әліпби емлесі әлі екшеліп жатыр», «Жаңа үкімет: Жұмыс қытайдан қарыз алумен басталды», «Ақпараттық қауіпсіздікті қалай қорғаймыз», «Құпия зауыттағы "химиялық каторга" және қисапсыз өлім».

2 555 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Құпия зауыттағы "химиялық каторга" және қисапсыз өлім» - Адамзат тарихындағы жаппай қырып-жою қару түрлерінің ең алғашқысы - химиялық қарудың ең ірі қоймасы өткен ғасырда СССР-да орналасты. Одақ бойынша химиялық қару өндірісінің ең ірі ошағы Ресейдің оңтүстік-батысындағы Чапаев елді мекенінде шоғырланды. Бұл жаққа одақтың түкпір-түкпірінен жұмысшылар әкелініп (Орталық Азиядан да), "химиялық каторгаға" жегілді. Химиялық заттан уланып, көз жұмғандар саны туралы дерек әлі күнге дейін айтылмай келеді.

«Латын қаріпті әліпби емлесі әлі екшеліп жатыр» - Алматыда өткен жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін талқылау жиыны кезінде тіл реформасының шешілмеген түйткілдері көп екені аңғарылды.

QAMSHY.KZ. «Элизабет Блэкуэлл – қыздарды медицинаға баулыған алғашқы әйел-дәрігер» - 1847 жыл, Женева, Нью-Йорк штаты. 150 ер адам білім алатын медициналық университеттің табалдырығын алғаш рет бойжеткен аттады. Алайда «әйел-дәрігер» деген тіркес мүлде қолданылмайтын АҚШ-та бұл оңайға соққан жоқ.

«Вакцинадан кейін өзгерген өмір...» - Ол аяғын сылтып басады. Дәрігерлердің соңғы қойған диагнозы – артрит. Аружан (өз өтініші бойынша аты өзгертілді) осыдан 4 жыл бұрын салдыртқан екпе әлі маңдайына тиіп келе жатқанын айтты. Содан бері аурухана мен үйдің арасын тоздырып, ем-дом алып келеді екен. Кезінде оның ауырып тұрған хәлі ескерілместен, қатарластарымен бірге егілген. Дәрігерлер мұның вакцинаның әсерінен емес екенін алға тартса да, Сарығаштағы емдеу орталықтарына тегін жолдама берген. Осыдан соң бұл аурулардың екпе салдырғаннан пайда болғанын білдім дейді ол.

ABAI.KZ. «Ермұрат Бапиді жау көру – жақсылықтың жолын кесу...» - Қазақ журналистикасының қара нары Ермұрат Бапи асқаралы алпыс жасқа толды. Біз әріптесімізді осы мерейлі жасымен құттықтай отырып, Ермұрат Бапи туралы бірқатар қаламгерлердің пікірін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

INFORMBURO.KZ. «Көпбалалы аналарға 21 мың теңге. Атаулы әлеуметтік көмекті сонымен кімдер алады?» - Атаулы әлеуметтік көмекті 1 шілдеден емес, 1 сәуірден бастап бере бастайды. Оны алу үшін не керек? Талдайық.

«Ақпараттық қауіпсіздікті қалай қорғаймыз» - Кез-келген мемлекеттің тәуелсіздігін мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі шешуші алғышарт – ақпарат саласы екені аян.

«Ұлттық құндылықтар қалай жоғалады?» - Менің балдызымның есімі – Света. Қазақтың қай ауылында да осындай Катя мен Коля сияқты орысша аттары барлар да жетерлік.

ZHASALASH.KZ. «Жаңа үкімет: Жұмыс қытайдан қарыз алумен басталды» - Қазақстан үкіметі Қытайдан екі ел шекарасындағы қазақстандық өткізу пунктін жетілдіру үшін 2 миллиард юань, яғни, 100 миллиардқа жуық теңге қарыз алуды жоспарлап отыр.


7 наурыз 2019, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.