Атырау, 24 қараша 20:59
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бергей Ақордаға «қош!» айтты

4 201 просмотра

Осы аптада кейбір интернет-сайттар мен ақпарат агенттіктері Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ және оның ағасы ҚР Парламент Мәжілісінің «Ақ жол» партиясынан сайланған депутаты Аманжан РЫСҚАЛИ Қазақстан аумағын тастап қашып кетті деген ақпарат таратты. Олардың бірі бұрынғы әкім Қазақстан-Ресей шекарасынан қарапайым жолаушылар автобусымен тамыз айының ортасында-ақ, Ақтөбе облысы арқылы өтіп кеткендігіне сендіреді. Ал енді бірі екі ағайындының таяу күндерде Ақмола облысының Бурабай курорттық поселкесінде жасырынғандығын айтады. Онда мұнайлы аймақтың бұрынғы басшысы жеке жайлардың бірінде бір айға жуық уақыт өз тағдырының қалай шешілетіндігін құпия күтіп жатқан көрінеді.

Бүгін Бергей Рысқалиевтың жақын адамдарының бірі «АЖ» редакциясына оның өзінің және ағасының әлі күнге елде екендігін хабарлады. Алайда, басқа бір ақпарат көзі (барынша жақын ортадан) өзінің бұрынғы басшысының 16 тамызда (естеріңізде болса, президенттің Атырауға әкімдерді ауыстыруға келгендегі сапары 15 тамызда болған еді) Ақтөбеге кеткенін және құқық қорғау органдары оның ізіне түспей тұрып, сол жақтан республикадан тысқары кеткенін айтады.

Шамасы, Бергей Рысқалиевте Лондондағы Олимпиада ойындарына бару үшін көптеген Қазақстанның әкімдері мен бизнесмендеріне берілген жартыжылдық британдық мультивиза болған болуы керек. Біз өз мақалаларымыз бен басқа да ақпарат көздері арқылы оның жұмыс кестесінің шілде айының аяғы мен тамыз айының басындағы аралығын бақылай отырып, сол кездегі оның отбасы тұрып жатқан Лондонға Олимпиаданың соңғы аптасында ұшып кетуі мүмкін деген қорытындыға келдік. Жергілікті әуежай қызметкерлері сол кезде Рысқалиев Атыраудан ешқандай тіркеуден өтпестен чартерлік рейспен ұшып кете алар еді дейді. Олардың өзі, біз бұрын жазғандай, кейбір БАҚ-тың ол лауазымынан босатылғаннан кейін шетелге күнделікті  ұшып отыратын рейспен ұшуға тырысқандығын жоққа шығарды емес пе?

Бізге Астанадағы ақпарат көздері президенттің өзінің әкімшілік жетекішісі Аслан МУСИННЕН бұрынғы әкім мен оның мәжілісмен ағасының өз еріктерімен елге оралуын талап етіп отыр деп жеткізеді. Сол ақпарат көздері Бергейде британдық визасына қосымша тағы да Прибалтика елдерінің бірінің визасы бар екендігін сендіреді. Ал бұл елмен құқық қорғау органдарының талабы бойынша Қазақстанға оның азаматтарын қайтару туралы келісім жоқ.

«АЖ»редакциясы

14 қыркүйек 2012, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.